Basics of laptops - Windows 7

18 Ноутбук негіздері
3-тарау: Ақаулықтарды жою
Сымсыз желі қосылымы жұмыс істемей отыр
Егер сымсыз желі қосылымы дұрыс жұмыс істемесе, төмендегі əрекеттерді
орындаңыз.
Егер компьютер қауымдық желіге қосылған болса, АТ бөлімінің əкімшісіне
хабарлаңыз.
Пуск (Бастау) түймешігін басып, Панель управления (Басқару тақтасы)
пəрменін таңдаңыз да, Сеть и Интернет (Желі жəне Интернет) сілтемесін таңдап,
Центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ кіруді басқару
орталығы) тапсырмасын таңдаңыз жəне Устранение неполадок (Ақаулықтарды
жою) тармағын нұқыңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Сымсыз құрылғы қосылғанына жəне компьютердегі сымсыз байланыс шамы көк
түсті болғанына көз жеткізіңіз. Егер шам сары түсті болса, сымсыз құрылғыны
қосыңыз.
Компьютердің сымсыз антенналарына ешбір кедергі жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
DSL немесе кабель модемі жəне оның қуат сымы дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ
шамдар жанғанына көз жеткізіңіз.
Сымсыз жол жоспарлағышы немесе кіру нүктесі оның қуат адаптеріне жəне
кабель немесе DSL модеміне дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ шамдардың
жанғанына көз жеткізіңіз.
Барлық кабельдерді ажыратып, қайта жалғаңыз, одан кейін қуатты өшіріп, қайта
қосыңыз.
Сымсыз технология туралы толық ақпарат алу үшін Анықтама жəне қолдау
орталығындағы веб-тораптар сілтемелрін жəне мəліметтерді қараңыз.
597893-DF1.book Page 18 Tuesday, December 22, 2009 4:21 PM