2011x/2011s/2011xi 2211f/2211x 2311см/2311f/2311x/2311xi 2511x 2711x Cұйық кристалдық мониторлары Пайдаланушы нұсқаулығы
© 2011 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Microsoft® жəне Windows® – Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. ENERGY STAR жəне ENERGY STAR белгісі – тіркелген АҚШ белгілері. Bluetooth – иесінің сауда белгісі жəне Hewlett-Packard компаниясы оны лицензия бойынша пайдаланады. HP өнімдері мен қызметтеріне арналған жалғыз кепілдік – осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге берілетін тікелей кепілдіктер. Осы құжаттағы басқа еш нəрсе кепілдік деп қаралмайды.
Осы нұсқаулық туралы Бұл нұсқаулықта қауіпсіздік пен техникалық қызмет көрсету, СКД мониторын орнату, драйверлерді орнату, экрандық дисплей мəзірін пайдалану, ақауларды жою жəне техникалық сипаттамалар туралы ақпарат берілген. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осылай жіберілген мəтін нұсқауларды орындамаудың дене жарақатына немесе өлімге себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Осылай жіберілген мəтін нұсқауларды орындамаудың құрылғы зақымдануына немесе ақпараттың жоғалуына себеп болатынын көрсетеді.
iv Осы нұсқаулық туралы
Maзмұны 1 Өнім мүмкіндіктері ............................................................................................................. 1 Cұйық кристалдық мониторлары ............................................................................................ 1 2 Қауіпсіздік жəне техникалық қызмет көрсету туралы нұсқаулар ............................................ 3 Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат ......................................................................................
Қосымша а Ақауларды жою ................................................................................................. 26 Жиі кездесетін ақауларды жою ............................................................................................. 26 hp.com торабынан қолдау алу .............................................................................................. 27 Техникалық қолдау қызметіне хабарласу алдындағы дайындық ........................................... 27 Бағалау жапсырмасын табу ......
1 Өнім мүмкіндіктері Cұйық кристалдық мониторлары Cурет 1-1 Cұйық кристалдық мониторлары HP сұйық кристалды мониторларында белсенді матрица, жұқа үлдір транзисторлардан (TFT) тұратын жарық диодты жарықтандыруы бар экран жəне төмендегі сипаттамалар бар: ● Үлкен диагональды дисплей ● Ең үлкен графикалық ажыратымдылық: ◦ 2011x/ 2011xi/ 2011s: 1600 x 900 @ 60 Гц ◦ 2211f / 2211x: 1920 x 1080 @ 60 Гц ◦ 2311см / 2311f / 2311x/ 2311xi: 1920 x 1080 @ 60 Гц ◦ 2511x: 1920 x 1080 @ 60 Гц ◦ 2711x: 1920 x
2 ● Динамикалық контрасттылық коэффициенті (DCR) қара түстің тереңдігін жəне ақ түстің жарықтығын қамтамасыз етіп, ойын кезінде немесе фильмдерді көргенде тамаша жартылай тондардың құбылуына жетуге мүмкіндік береді ● Сыртқы USB арқылы қуатталатын, жабдықталған аудио кабелі бар спикерлер (таңдаулы үлгілерде) ● Plug and Play функциясы (пайдаланушының компьютер жүйесі қолдауы керек) ● Экранды оңай орнатуға жəне реттеуге арналған экрандық мəзір (қол жетімді тілдер: ағылшын, қытай (жеңілдетілген), қытай
2 Қауіпсіздік жəне техникалық қызмет көрсету туралы нұсқаулар Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат Монитормен бірге қуат сымы берілген. Егер басқа сым пайдаланылса, қуат көзі мен қосылым осы мониторға сай екенін тексеріңіз. Монитормен бірге пайдаланылатын дұрыс қуат сымы жинағы туралы ақпарат алу үшін Қуат сымдарының жиынтығына қойылатын талаптар 37-бетте бөлімін қараңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалу қаупін азайту үшін: Қуат сымы ашасының жерге қосу контактісін ажыратпаңыз.
Сақтық шаралары ● Бұл монитор үшін тек қуат адаптерінің жапсырмасында көрсетілген үйлесімді қуат көзі мен қосылымды пайдаланыңыз. ● Электр розеткасына қосылатын құрылғылардың номиналды тогы розетка жасалған ток күшінен аспайтынына, ал қуат сымының көмегімен қосылған құрылғылардың жалпы номиналды тогы қуат сымы жасалған номиналды ток күшінен аспайтынына көз жеткізіңіз. Əр құрылғының номиналды тогын анықтау үшін қуат жапсырмасын қараңыз. ● Мониторды оңай жетуге болатын розетка жанында орнатыңыз.
● Мониторды жақсы желдетілетін аумақта, шамадан тыс жарық, ыстық немесе ылғалдан ары ұстаңыз. ● Монитор негізін алғанда, сызат түсуін, түсі кетуін немесе бұзылуын болдырмау үшін мониторды бетін төмен қаратып қою керек. Мониторды тазалау ЕСКЕРТУ: Шүберекке тазалағыш затты сеуіп, экран бетін шүберекпен жайлап сүртіңіз. Тазалағыш затты ешқашан тікелей экран бетіне сеппеңіз. Ол жақтаудың артына өтіп, электрониканы зақымдауы мүмкін.
3. Тақтаны жұмсақ, қорғалған бетке қойыңыз. 4. Босатып, бөлу үшін тіреуді негізден жайлап ары тартыңыз. ЕСКЕРІМ: 2511x жəне 2711x үлгілерінде ғана : Тіреуді негізінен босату үшін, негіздің астындағы бір бұрандасын алып тастаңыз. 5. 6 Мониторды, тіреуді жəне негізді түпнұсқа орауыш қорапқа салыңыз.
3 Мониторды орнату Мониторды орауыштан шығару 1. Мониторды орауыштан шығарыңыз Құрамындағы заттардың барлығының болуын тексеріңіз. Қорабын сақтап қойыңыз. 2. Компьютерді жəне басқа бекітілген құрылғыларды өшіріңіз. 3. Мониторды жинау үшін тегіс бетті дайындаңыз. Орнатуға дайындағанда монитор экранын қою үшін тегіс, жұмсақ, қорғалған аймақ керек болады. Мониторды жинау Мониторды компьютер жанындағы ыңғайлы, жақсы желдетілетін жерге қойыңыз. Монитор кабельдерін мониторды жинағаннан кейін қосыңыз.
2. Тіреуді негіздегі ойыққа (1) тіреу негізге сырт етіп орнағанша сырғытыңыз. ЕСКЕРІМ: Сіздің моделіңізде монитор негізінің төменгі жағы басқаша көрінуі мүмкін. 2511x жəне 2711x үлгілерінде ғана : Тіреуді негізге бекіту үшін бір бұранданы (2) негізге орнатыңыз. Cурет 3-1 Негізгі жəне тіреуді жинау 2 3. Монитордағы тоспалы кронштейінді тіреудің үстіндегі тесікке сырғытыңыз. Толық салынғанда, тақта орнына шырт етіп түседі.
Монитор кабельдерін қосу ЕСКЕРТУ: Кабельдерді мониторға қосу алдында компьютер мен монитор өшірілгеніне көз жеткізіңіз. ЕСКЕРІМ: DVI, VGA немесе HDMI сигналын пайдаланғанда, аудио шығысты сыртқы динамиктерге қосу керек. Бейне көзін пайдаланылатын бейне кабель анықтайды. Монитор қай кірістердің жарамды бейне сигналдары бар екенін автоматты түрде анықтайды. Кірістерді алдыңғы тақтадағы көз түймесін басу арқылы таңдауға болады.
графикалық тақта болса ғана пайдалана аласыз. DVI-D ұяшығы мен кабель таңдаулы үлгілерде ғана жабдықталған. Cурет 3-4 DVI-D кабелін қосу (кабель таңдаулы үлгілер үшін ғана жабдықталған). HDMI кабелін қосу (таңдаулы үлгілерде ғана) HDMI кабелінің бір соңын монитордың артына, екінші соңын кіріс құрылғысына қосыңыз. HDMI кабель таңдаулы үлгілерде ғана жабдықталған. ЕСКЕРІМ: керек.
HDMI дыбысын алу Мониторды қосу үшін HDMI кабелін пайдалансаңыз, Microsoft Windows жүйесінде параметрді реттеу арқылы HDMI дыбысын іске қосу керек. HDMI іске қосылмаған болса, дыбысты естімейсіз. Компьютерде HDMI дыбысын іске қосу үшін: 1. Windows жүйелік тақтасында дыбыс деңгейі белгішесін тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз. 2. Устройства воспроизведения тармағын таңдаңыз. Дыбыс терезесі ашылады. 3. «Воспроизведение» қойындысында тізімдегі HDMI шығыс аудио құрылғысын таңдаңыз. 4.
2. Қуатпен қамту сымының дөңгелек соңын мониторға қосыңыз, содан кейін сымның бір соңын қуат көзіне жəне екінші көзін жерге қосылған электр розеткасына қосыңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғудан жарақат алуды болдырмау үшін тиісті түрде жерге қосылған электр розеткасы болмаса, келесі əрекеттердің бірін орындау керек: (1) Сіз тиісті жерге қосуды қамтамасыз ететін электр розеткасы адаптерін пайдалануыңыз керек. (2) Сізде тиісті түрде жерге қосылған розетка орнатылған болуы керек.
Кабельді басқару қысқышын орнату Монитордың артында біріктіріп жинау үшін кіріс кабелі мен қуат сымының үстіне басқару қысқышын орнатыңыз. Cурет 3-7 Кабельді басқару қысқышын орнату Анықтығы жоғары жəне кең жолақты сандық мазмұнды қорғау (HDCP) таңдаулы үлгілерде ғана жабдықталған Монитор HDCP жүйесін қолдайды жəне анықтығы жоғары мазмұнды қабылдау мүмкіндігі бар. Анықтығы жоғары мазмұн көп көздерде қол жетімді, мысалы, Blu-ray диск құрылғыларында немесе HDTV əуе немесе кабельдік таратылымдарында.
ЕСКЕРТУ: Мониторлардағы пикселдердің күйіп кетуі экранда ұзақ уақыт бойы бір статикалық кескінді көрсетудің нəтижесінде орын алуы мүмкін.*Мұндай зақымдалуды болдырмау үшін экран сақтағышын қосу керек немесе ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса мониторды өшіру керек. Қалдық кескін барлық СК экрандарда пайда болуы мүмкін. HP кепілдігінің шарттары пикселдері күйіп кететін мониторларды қамтымайды. Қалдық кескін барлық СКД экрандарда орын алуы мүмкін жағдай.
Еңкейтуді реттеу Оңтайлы көру үшін экран еңкеюін төмендегідей өз таңдауыңыз бойынша реттеңіз: ЕСКЕРТУ: Бұзылуды немесе басқа зақымды болдырмау үшін еңкейтуді өзгерткен кезде СКД экранға қысым түсірмеңіз. 1. Еңкейтуді өзгерту кезінде мониторды аударып алмау үшін монитордың алдыңғы жағында тұрыңыз жəне негізді ұстап тұрыңыз. 2. Еңкейтуді экранға тиместен монитордың жоғарғы жағын өзіңізге қарай немесе ары қарай жылжыту арқылы реттеңіз.
2. Аудио кабельді компьютердегі аудио динамик ұяшығына қосыңыз, содан кейін USB қуат кабелін компьютердегі USB ұяшығына қосыңыз. ЕСКЕРІМ: Динамиктің дыбыс деңгейін реттеу үшін дыбыс деңгейін басқару элементтерін пайдаланыңыз. Cурет 3-9 Сыртқы динамиктің аудио жəне USB кабельдерін қосыңыз ЕСКЕРІМ: Мониторды қосу үшін HDMI кабелін пайдалансаңыз, Microsoft Windows жүйесінде параметрді реттеу арқылы HDMI дыбысын іске қосу керек.
4 Мониторды пайдалану Бағдарламалар жəне қызметтік бағдарламалар бар ықшам диск Бұл монитормен бірге берілген ықшам диск компьютерге орнатуға болатын драйверлер мен бағдарламаларды қамтиды. Драйверлерді орнату Драйверлерді орнату керек екенін анықтасаңыз, ықшам дискіден монитордың INF драйверін жəне ICM файлдарды орнатуға болады немесе оларды Интернеттен ж.үктеуге болады. Монитор драйвері бағдарламасын ықшам дискіден орнату Монитор драйвері бағдарламасын ықшам дискіден орнату үшін: 1.
4. Монитор моделінің нөмірін енгізіңіз. Мониторыңыз үшін бағдарламаны жүктеу беттері көрсетіледі. 5. Жүктеу беттеріндегі нұсқауларды орындап драйвер жəне бағдарлама файлдарын қотарып, орнатыңыз. ЕСКЕРІМ: Жүйенің талаптарға сай екеніне көз жеткізіңіз. Алдыңғы тақтаның басқару элементтері Басқару түймелері (белгішелермен көрсетілген) монитордың төменгі оң жағында орналасқан.
3. Негізгі немесе ішкі мəзірді шарлау үшін монитордың алдыңғы тақтасындағы + (плюс) түймесін жоғары айналдыру немесе – (минус) түймесін кері айналдыру үшін басыңыз. Содан кейін бөлектелген функцияны таңдау үшін OK түймесін басыңыз. 4. Таңдалған элементтің масштабын реттеу үшін + (плюс) немесе – (минус) түймесін басыңыз. 5. Сохранить и выйти пəрменін таңдаңыз. Бұл параметрді сақтағыңыз келмесе, ішкі мəзірде Отменить немесе негізгі мəзірде Выход пəрменін таңдаңыз. 6.
Белгіше Негізгі мəзір опциялары Ішкі мəзір опциялары Сипаттама Жылдам көру Келесі режимдерден таңдаңыз: Кескінді басқару ● Фильм ● Сурет ● Ойындар ● Мəтін ● Пайдаланушылық (тез көрі опцияларының басқа біреуінде жарықтықты, контрастты немесе түсті реттегенде сақталатын параметрлер) Экрандағы кескінді реттейді. Автореттеу Экран кескінін автоматты түрде реттеу. ЕСКЕРІМ: Бұл элементті тек VGA кіріс сигналымен бірге пайдалануға болады. Синхроимпульстар Экран өңіндегі тік жолақтарды азайтады.
Белгіше Негізгі мəзір опциялары Ішкі мəзір опциялары Сипаттама OverDrive (кейбір модельдерде) OverDrive функциясын қосу немесе өшіру. Зауыттық əдепкі параметр – өшірулі. Динамикалық контрастылық коэффициенті DCR параметрлерін қосу немесе өшіру. Зауыттық əдепкі параметр – өшірулі. DCR оңтайлы кескінді беру үшін ақ пен қара деңгейлерінің арасындағы балансты реттейді. Экрандық мəзірді басқару элементі Экрандық мəзірдің экрандағы орналасуын реттейді.
Белгіше Негізгі мəзір опциялары Ішкі мəзір опциялары Сипаттама Монитордың күйі Мониторды қосқан сайын монитордың жұмыс күйін көрсетеді. Күй көрсетілетін орынды таңдаңыз: ● Үстінде ● Ортасында ● Астында ● Өшірулі Зауыттық əдепкі параметр – үстінде. DDC/CI қолдау Компьютерден кейбір экрандық мəзір мүмкіндіктерін басқаруға мүмкіндік береді, мысалы, жарықтық, контраст жəне түс температурасы. Таңдаңыз: ● Қосулы ● Өшірулі Зауыттық əдепкі параметр – қосулы.
Белгіше Негізгі мəзір опциялары Ішкі мəзір опциялары Сипаттама Ұсынылған параметрлер Монитор үшін ұсынылған ажыратымдылық режимі жəне жаңарту жиілігі беріледі. Сериялық нөмір Монитордың сериялық нөмірі беріледі. Сериялық нөмір HP техникалық қолдау қызметіне хабарласқанда қажет. FW нұсқасы Монитордың микробағдарламасының нұсқасы беріледі. Жарықтандырудың жұмыс сағаттары Жарықтандырудың жалпы жұмыс істеген уақытын хабарлайды. Қызмет көрсету Қызмет көрсету үшін мына мекенжайға өтіңіз: www.hp.
Монитор күйлерін анықтау Келесі монитор күйлері үшін монитор экранында арнайы хабарлар пайда болады: ● Состояние монитора – мониторды қосқанда немесе кіріс көзінің сигналын өзгерткенде, монитор күйі туралы хабар бес секунд бойы көрсетіледі.
Қуатты үнемдеу мүмкіндігі Монитор қалыпты жұмыс режимінде болғанда, қуат индикаторы ақ болады жəне монитор қалыпты қуатты тұтынады. Қуатты тұтыну мəліметтерін Техникалық сипаттамалар 29-бетте бөлімінде қараңыз. Сондай-ақ, монитор компьютер басқаратын қуатты үнемдеу режимін қолдайды. Монитор қуатты аз тұтыну күйінде болғанда, монитор экраны бос, жарықтандыру өшірулі, қуат индикаторы сары болады жəне монитор барынша аз қуатты тұтынады.
а Ақауларды жою Жиі кездесетін ақауларды жою Келесі кестеде мəселелері, əр мəселенің ықтимал себебі жəне ұсынылған шешімдер тізілген: Ақау Ақауды жою əдісі Қуат түймесінің жарық диоды қосулы емес. Қуат түймесі қосулы жəне қуат сымы жерге қосылған розеткаға мен мониторға қосылған екенін тексеріңіз. Экрандық мəзірде Управление тармағын, содан кейін Светодиод питания на тармағын таңдаңыз.
Ақау Ақауды жою əдісі Анықтылығы жоғары (HD) мазмұнды көрсеткенде экран қара немесе ажыратымдылығы төмен. Монитор мен компьютер HDCP протоколын қолдайтынын тексеріңіз. Анықтығы жоғары жəне кең жолақты сандық мазмұнды қорғау (HDCP) таңдаулы үлгілерде ғана жабдықталған 13-бетте немесе www.hp.com/support мекенжайына өтіңіз. Дыбыс жоқ. Динамиктің аудио кабелі мен USB қуат кабелі тікелей компьютерге қосылғанын тексеріңіз. ЕСКЕРІМ: Plug and Play жұмыс істемейді.
контакт мəліметтерін алу үшін монитормен бірге келген басып шығарылған құжаттаманы қараңыз.
ə Техникалық сипаттамалар Барлық техникалық сипаттамалар HP құрамдастар өндірушілері берген əдеттегі техникалық сипаттамалар болып табылады; өнімділік жоғарырақ немесе төменірек болуы мүмкін. HP сұйық кристалдық мониторлары Кесте ə-1 2011x/2011s/2011xi сипаттамалары Техникалық сипаттамалар Бейне кіріс ұялары: VGA жəне/немесе DVI Ең жоғары салмақ (орамсыз): 3,5 кг (7,7 ф) Өлшемдер (е x д x б): 486,8 x 158,9 x 378,7 мм (19,16 x 6,26 x 14.
Кесте ə-3 2311см/2311f/2311x/2311xi сипаттамалары (жалғасы) Техникалық сипаттамалар Ең жоғары салмақ (орамсыз): 4,3 кг (9,5 фунт) Өлшемдер (е x д x б): 557,95 x 159,0 x 416,48 мм (21,97 x 6,26 x 16,40 дюйм) Ең үлкен графикалық ажыратымдылық: 1920 x 1080 @ 60 Гц Ең қолайлы графикалық ажыратымдылық: 1920 x 1080 @ 60 Гц Қуат көзі (aдаптер): 100-240 В айнымалы ток (ca), 50/60 Гц Қуат көзі (монитор): 12В тт, 50/60 Гц Кесте ə-4 2511x техникалық сипаттамалары Техникалық сипаттамалар Бейне кіріс ұялары:
Алдын ала орнатылған бейне режимдері Монитор көп алдын ала орнатылған бейне кірісі режимдерін автоматты түрде таниды. Оларда кескін дұрыс өлшемде жəне экранда дұрыс ортаға келтірілген болып көрсетіледі.
Кесте ə-8 HDMI Жоғары анықтығының зауытта қойылған видео режимдері (таңдаулы үлгілрде ғана) (жалғасы) Алдын ала орнатылған HD видео дисплейінің ажыратымдылығы Ажыратымдылық Көлденең жиілік (кГц) Тік жиілік (Гц) 2 720p60 1280 x 720 45 60 3 576p 720 x 400 31,469 50 4 720p50 1280 x 720 37,5 50 5 1080p60 1920 x 1080 67,5 60 6 1080p50 1920 x 1080 56.
немесе күңгірт дақтар сияқты мардымсыз қателер пайда болуы мүмкін. Бұл барлық жеткізушілер қамтамасыз ететін өнімдерде пайдаланылатын барлық СКД монитор дисплейлерінде болады, тек сіздің СКД мониторыңызға ғана тəн емес. Бұл қателерді бір немесе бірнеше ақаулы пикселдер немесе ішкі пикселдер тудырады. Пиксел бір қызыл, бір жасыл жəне бір көк ішкі пикселден тұрады. Ақаулы тұтас пиксел əрқашан қосулы (күңгірт фондағы жарық нүкте) немесе əрқашан өшірулі (жарық фондағы күңгірт нүкте) болады.
б Нормативтік мəліметтер Байланыс жөніндегі федералдық комиссияның (FCC) мəлімдемесі Бұл жабдық сыналып, FCC ережелерінің 15-ші бөліміне сай В класты сандық құрылғы шектеулеріне сай екені анықталды. Бұл шектеулер тұрғын үйде орнатылғанда зиянды əсерлерден жеткілікті қорғауды қамтамасыз ету үшін жасалған. Бұл жабдық радио сəулелену энергиясын тудырады, пайдаланады жəне таратады жəне нұсқауларға сай орнатылмаса жəне пайдаланылмаса, радио байланысқа зиянды кедергілер жасауы мүмкін.
FCC логотипімен белгіленген өнімдер үшін сəйкестік декларациясы (тек АҚШ) Бұл құрылғы FCC ережелерінің 15-бөлігіне сай келеді. Пайдалану үшін екі шарт орындалуы керек: 1. Бұл құрылғы зиянды кедергілерді тудырмайды. 2. Бұл құрылғы кез келген алынған кедергіні, соның ішінде қалаусыз жұмысты тудыруы мүмкін кедергіні қабылдауы керек. Өнімге қатысты сұрақтар бойынша хабарласыңыз: Hewlett Packard компаниясы P. O.
Бұл өнімнің СЕ сəйкестігі НР қамтамасыз еткен дұрыс СЕ белгісі бар айнымалы ток адаптарі пайдаланылғанда жарамды. Бұл директиваларға сəйкестік НР осы өнім мен өнімдер тобы үшін шығарған ЕО сəйкестік декларациясында тізілген үйлестірілген Еуропалық стандарттарға (Еуропалық нормаларға) сəйкестікті білдіреді. Бұл декларация өнім құжаттамасының ішінде немесе келесі веб-торапта қол жетімді: http://www.hp.eu/certificates (іздеу өрісінде өнім нөмірін енгізіңіз).
Қуат сымдарының жиынтығына қойылатын талаптар Монитордың қуат көзінде қуат кернеуін автоматты түрде ауыстыру (ALS) функциясы бар. Бұл функция мониторға 100-120В немесе 200-240В арасындағы кіріс кернеулерді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Монитормен бірге алған қуат сымы (иілгіш кабель немесе розетка) жабдықты сатып алған елде пайдалану талаптарына сай келеді. Басқа ел үшін қуат сымын алу керек болса, сол елде пайдалану үшін бекітілген қуат сымын сатып алыңыз.
арқылы қуатты үнемдеуге ынталандыру жəне ауаны ластауды азайту үшін жасаған. Өнімдердің қуатты тұтынуға жетуінің бір жолы – Microsoftt® Windows қуатты тұтыну мүмкіндігі арқылы пайдаланылмағанда қуатты тұтынуды азайту. Қуатты басқару мүмкіндігі компьютерге енжарлық кезеңінен кейін төмен қуат (немесе «ұйқы») режиміне енуге мүмкіндік береді.
HP қайта өңдеу бағдарламасы HP компанияы пайдаланылған электрондық жабдықтарды, түпнұсқа HP басып шығару картридждерін жəне қайта зарядталатын батареяларын қайта өңдеуге өткізуге шақырады. Қайта өңдеу бағдарламалары туралы қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға өтіңіз: www.hp.com/recycle.