Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2016 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel және Thunderbolt — Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft және Windows – Microsoft компаниялар тобының сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................ 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................................... 2 2 Құрамдас бөліктер ......................................................................................................................................
4 Экранда шолу ............................................................................................................................................ 22 Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану ............................................................ 22 Түрту ................................................................................................................................................. 22 Екі саусақ көмегімен масштабтау ............................................
HP Battery Check бағдарламасын пайдалану ............................................................. 37 Қалған батарея зарядын көрсету ................................................................................ 38 Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту ........................................................... 38 Төмен батарея деңгейлерін басқару .......................................................................... 38 Төмен батарея деңгейлерін анықтау ..........................................
Күтім .......................................................................................................................................................... 54 Компьютер жұмысын жақсарту ....................................................................................................................... 54 Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану ....................................................................... 54 Дискіні тазалау құралын пайдалану ...........................................
11 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану ............................................................................................ 70 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу ....................................................... 70 12 Техникалық сипаттамасы ........................................................................................................................ 72 Тұтынылатын қуат ..............................................................................
x
1 Қош келдіңіз Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі қадамдарды орындауды ұсынамыз: ● КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows пернесін қайта басу алдыңғы экранға қайтарады. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі қосылымдары (17-бет) бөлімінен қараңыз.
Ақпаратты табу Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу Жұмысқа кіріскенде бағдарламасы ● Әдістер туралы ақпарат және ақаулықтарды жою бойынша кең ауқымды кеңестер НР қолдау қызметі ● HP маманымен желіде сөйлесу АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.
Ресурстар 1. Мазмұны Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2. ПК (ДК), одан кейін Гарантия и услуги (Кепілдік және қызметтер) тармағын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
2 Құрамдас бөліктер Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі. Жүйенің аппараттық құралдарының компоненттері және жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы ақпаратты алу үшін fn+esc пернелерін басыңыз (тек таңдаулы үлгілерде).
Бөлік Сипаттама АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін, Заңды, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертпелерін қараңыз. Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2.
Бөлік Сипаттама ● Сары болып жыпылықтап тұрса: Батарея заряды аз деңгейге жетті. Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде, батарея шамдары жылдам жыпылықтай бастайды. ● Өшірулі: Батарея зарядталмайды. Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. Өніміңізге арналған антенналар осы аймақта орналасады. (2) WWAN антенналары (тек таңдаулы өнімдерде)* Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді және қабылдайды. (3) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (4) Веб-камера шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Қосулы: веб-камера қолданылуда.
Бөлік 2. Сипаттама Мой ПК (Менің ДК) опциясын, Спецификации (Сипаттамалар) қойыншасын, Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) опциясын таңдаңыз. Жоғарғы жағы Сенсорлы тақта Бөлік 8 Сипаттама (1) Меңзегіш құрылғы Меңзерді жылжытады және экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (2) Меңзегіш құрылғының сол жақ түймесі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймесі Сенсорлы тақтаны қосады және сөндіреді.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. (2) Caps lock шамы Қосулы: Пернелердің барлығын бас әріпке ауыстыратын «Caps lock» пернесі басылған.
Түймешіктер және саусақ ізін оқу құрылғысы Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Бөлік Сипаттама Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет. (3) Дыбыс деңгейін өшіру түймесі Үндеткіш дыбысын өшіреді және қайта қосады. (4) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows® амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді. Арнайы функциялық пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі.
Пернелер тіркесімдерін пайдалану Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін басып, төменде көрсетілген белгішесі бар дұрыс функциялық пернені басыңыз. fn пернесін және функциялық пернені басыңыз Сипаттама Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей және жүйенің басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
Астыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Қызмет көрсету үшін ашатын есік Қатты диск, сымсыз WLAN, WWAN және жад модульдерінің ұяларына кіруге мүмкіндік береді. ЕСКЕРТУ: жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
Алдыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Сымсыз байланыс шамы Қосулы: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы және/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен жанып тұрады. (2) (3) Қуат шамы Батарея шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі орындарға қараңыз: компьютердің түбінде, батарея орнының ішінде, қызмет көрсету үшін ашатын есіктің астында немесе дисплейдің артында. ● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
Бөлік (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік күшінің мерзімі ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді. ● Сымсыз куәлік беру туралы жапсырма(лар) — қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді. SIM картасын енгізу (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде қатты күш салмаңыз.
3 Желі қосылымдары Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) сөз тіркесін жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз. 2. Сеть и Интернет (Желі және Интернет) пәрменін, одан кейін Центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ кіруді басқару орталығы) пәрменін таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу ЕСКЕРТПЕ: Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын орнату қажет.
– немесе – Нөмірді табу үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін басыңыз. 2. Показать параметры подключения (Қосылыс параметрлерін көрсету) таңдаңыз. 3. Мобильное широкополосное подключение (Мобильді кең жолақты қосылыс) бөліміндегі желі күйінің белгішесін басыңыз. Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында жеке идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат қамтылады.
Сымды желіге қосылу Таңдаулы өнімдерде сымды байланыс қосылымдары жұмыс істеуі мүмкін: жергілікті желі (LAN) және модем арқылы қосу. LAN байланысы желі кабелін пайдаланады және телефон кабелін пайдаланатын модемнен жылдамдығы жоғарырақ. Кабельдің екі түрі де бөлек сатылады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын RJ-11 қабырғалық телефон ұясына (2) жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Модем кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз. Елге/аймаққа арналған модем кабелінің адаптерін қосу Телефон ұялары елге/аймаққа байланысты әр түрлі болады.
4 Экранда шолу Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады: ● Тікелей компьютер экранынан сенсорлық қимылдарды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ● Сенсорлық қимылдарды сенсорлық тақтада пайдаланыңыз ● Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдалану арқылы (тінтуір бөлек сатылады) ● Меңзеу таяқшасын пайдалану Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді басқаруға мүмкіндік береді.
Екі саусақ көмегімен масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Төрт саусақпен (тек сенсорлы тақтада) түрту Әрекет орталығын ашу үшін төрт саусақпен түрту қимылын пайдаланыңыз. ● Әрекет орталығын ашу және ағымдағы параметрлер мен хабарландыруларды көру үшін сенсорлы тақтаны төрт саусақпен түртіңіз. Бір саусақпен сырғыту (сенсорлы экранда ғана) Бір саусақты сырғыту қимылын панорамалау, тізімдер мен беттерді айналдыру үшін немесе нысанды жылжыту үшін пайдаланыңыз.
Үш саусақты сырғыту (тек сенсорлы тақтада) Ашық терезелерді көру үшін және ашық тұрған терезелер мен жұмыс үстелі арасында ауысу үшін үш саусақты сырғыту қимылын пайдаланыңыз. ● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 3 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз. ● Жұмыс үстелін көрсету үшін 3 саусағыңызды өзіңізге қарай сырғытыңыз. ● Ашық тұрған терезелер арасында ауысу үшін 3 саусағыңызды сол немесе оң жаққа сырғытыңыз.
5 Ойын-сауық мүмкіндіктері НР компьютерін бизнес немесе ойын-сауық мақсаттарында басқа пайдаланушылармен веб-камера арқылы байланысу, дыбыс пен бейнені біріктіру немесе проектор, монитор, теледидар не үндеткіштер сияқты сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланыңыз. Компьютерде аудио, видео және камера мүмкіндіктерінің орналасқан орындары туралы ақпаратты Құрамдас бөліктер (4-бет) бөлімінде қараңыз.
Сымды құлақаспаптарды құлақаспап қосуға арналған ұяға немесе компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріктірілген ұясына қосуға болады. Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. Гарнитураны қосу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
Бейнені пайдалану Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады. Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын, одан кейін Оформление и персонализация (Безендіру және даралау) таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения экрана (Ажыратымдылықты теңшеу) параметрін таңдаңыз.
HDMI арқылы дыбысты реттеу үшін HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне және дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғанғаннан кейін, келесі қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады: 1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2.
USB C типті (Thunderbolt–3 қосылған) портын қосу USB C типті (Thunderbolt–3 қосылған) порты ажыратымдылығы жоғары дисплейге немесе өнімділігі жоғары деректер құрылғысына қосады. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда бұл порт өнімділігі жоғары болып, сандық қосылысты жақсартады. USB C типті порттары арқылы компьютер өшірулі болса да, ұялы телефондар, планшеттер және MP3 ойнатқыштары сияқты құрылғыларды зарядтауға болады. ЕСКЕРТПЕ: Thunderbolt жаңа технология болып табылады.
MultiStream Transport технологиясын пайдаланып, сымды дисплейлерді табу және оларға қосылу MultiStream Transport (MST) компьютердегі VGA немесе Дисплей порттарына, әрі сыртқы хабтағы немесе сыртқы қондырма станциясындағы VGA портына жалғап, бірнеше сымды дисплей құрылғыларын компьютерге жалғау мүмкіндігін береді. Компьютерде орнатылған графикалық контроллер түріне немесе компьютерде орнатылған хабтың болуына қарай, байланысты бірнеше жолмен орнатуға болады.
Intel WiDi куәландырылған дисплейлерді анықтау және оларға қосылу (тек таңдаулы Intel өнімдерінде) Intel WiDi фотосуреттер, музыка немесе видеолар сияқты жеке файлдарды сымсыз көрсету үшін немесе бүкіл компьютер экранын теледидар немесе қосымша дисплей құрылғысына қосу үшін пайдаланыңыз. Intel WiDi, premium Miracast шешімі қосымша дисплей құрылғысын жиексіз жұптауды жеңілдетеді; толық экранның көшірмесін қамтамасыз етеді; жылдамдығын, сапасын және ауқымын жақсартады.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютерді өшіру (сөндіру) ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану Ұйқылық күй зауытта іске қосылады. Ұйқылық күй қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмысыңыз жадқа сақталады. ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы жад картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады. Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге және қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді. ● Батарея зарядының қалған деңгейін және ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін, тінтуір меңзерін қуат көрсеткіші белгішесінің ● үстіне орналастырыңыз.
Компьютер сыртқы айнымалы ток қуатына жалғанбаған кезде ол батареяның қуатымен жұмыс атқарады. Қуатты басқару параметрлеріне, ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады. Компьютер айнымалы ток қуатына қосылған болса да, батареяны компьютерде сақтау батареяны зарядтайды және де қуат берілмей қалған жағдайда жұмысты қорғайды.
HP Battery Check бағдарламасы батареяның және оның ұяларының дұрыс жұмыс істейтінін тексереді және тексерудің нәтижелерін хабарлайды. Қалған батарея зарядын көрсету ▲ Меңзерді Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесінің үстіне апарыңыз. Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту Батареяның зарядсыздану уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің қолданылатынына байланысты әртүрлі болады. Ең көп зарядсыздану уақыты батареяның сақтық сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады.
● Айнымалы ток адаптері ● Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы ● НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу Ешқандай қуат көзі болмаған кезде, батареядағы зарядтың деңгейі төмен болса, жұмысты сақтаңыз да, компьютерді өшіріңіз. Батареяны шығарып алу Батареяны алу үшін: ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін.
6. Батареяны компьютерден алып тастау үшін батарея қойындысын (3) тартыңыз. Батарея қуатын үнемдеу ● Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып, одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. – немесе – ● Қуат параметрлерінен төмен заряд деңгейін таңдаңыз. ● Сымсыз және LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем бағдарламаларынан шығыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сақталған батареяны әрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз. Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз. Батареяны тастау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін батареяны бөлшектемеңіз, бұзбаңыз немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз.
Компьютерді сыртқы айнымалы токқа қосқанда, төмендегі жағдайлар туындайды: ● Батарея зарядтала бастайды. ● Компьютер қосылып тұрса, тапсырмалар тақтасындағы қуат көрсеткіші белгішесінің түрі өзгереді. Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды: ● Компьютер батарея қуатына көшеді. ● Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды.
7 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз – компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінде немесе компьютерде алдын ала орнатылған Computer Setup утилитасы арқылы тағайындалады. ● BIOS әкімшісінің құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату Құпия сөз Қызмет BIOS әкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: BIOS әкімші құпия сөзін жою мақсатымен мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді жоюға болмауы мүмкін. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді қорғайды. Сонымен қатар, ол DriveLock қорғанысын алуға қолданылады.
BIOS әкімші құпия сөзін өзгерту 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. ● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ ● Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Планшетті өшіріңіз.
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. BIOS әкімші құпия сөзін енгізу BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
2. 1. Планшетті өшіріңіз. 2. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін басыңыз. Security (Қауіпсіздік) пәрменін таңдаңыз; Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) немесе Hard Drive Tools (Қатты диск құралдары) опциясын (тек таңдаулы үлгілерде), DriveLock параметрін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
DriveLock мүмкіндігін өшіру (тек таңдаулы үлгілерде) 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. ● ● 2. Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Computer Setup утилитасын ашу үшін, қуат түймесін басыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: 1. Планшетті өшіріңіз. 2.
ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы үлгілерде, BIOS әкімшісінің құпия сөзін енгізу және Set DriveLock Password (DriveLock құпия сөзін орнату) пәрменін таңдау қажет болуы мүмкін. 5. Басқарылатын қатты дискіні таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. 6. Құпия сөзді өзгерту үшін қажет параметрді таңдаңыз, одан кейін құпия сөзді енгізу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Автоматты DriveLock қорғау мүмкіндігін ажырату (тек таңдаулы үлгілерде) Computer Setup утилитасында DriveLock қорғау мүмкіндігін жою үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан бағдарламалық құралын орнатуға болады. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір жағдайларға байланысты қалқан Интернет ойындарына кіруді құрсаулауы, желідегі принтерге немесе файлды ортақ пайдалануға кедергі келтіруі немесе рұқсаты бар электрондық пошта тіркемелерін құрсаулауы мүмкін.
1. Қауіпсіздік кабелімен қауіпсізденетін нысанды айналдыра ораңыз. 2. Кілтін (1) кабель құлпына (2) салыңыз. 3. Кабель құлпын компьютердегі қауіпсіздік кабеліне салып (3), кілтпен кабель құлпын құлыптаңыз. Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану үшін, саусағыңыздың таңбасын HP Client Security бағдарламасының Credential Manager құралы тіркеуіңіз қажет.
8 Күтім Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде) ● Құрамында спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық ● Су және жұмсақ сабын қосылған ерітінді ● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты
Сенсорлы тақтаны, пернетақтаны немесе тінтуірді тазалау (тек таңдаулы өнімдерде) АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне жол бермеңіз.
◦ Өзіңіз баратын әр елдің/аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз. ◦ Компьютерді қолдануды жоспарлайтын әрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік және қосу параметрлері әртүрлі болуы мүмкін. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті азайту үшін, компьютерді жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы қоспаңыз.
9 Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру Бұл тарауда төмендегі процестер туралы ақпарат беріледі. Тараудағы ақпарат өнімдер үлгілерінің көбі үшін стандартты процедура болып есептеледі. ● Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру және қалыпқа келтіру Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
● Егер компьютерде Windows бөлімі немесе Recovery бөлімі болмаса, қалпына келтіру медиасын қолдау қызметінен алуға болады. Осы компьютермен жабдықталған Worldwide Telephone Numbers (әлем бойынша қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Әрі байланыс ақпаратын HP веб-торабында табуға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау және жеке мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып, одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз. 2. Қалпына келтіру медиа құралын жасау тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (62-бет) бөлімінен қараңыз.
параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (62-бет) бөлімінен қараңыз. ● Таңдаулы өнімдерде, егер қатты диск орнын босату үшін қалпына келтіру бөлімін жойғыңыз келсе, HP Recovery Manager бағдарламасы Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою) опциясын ұсынады. Қосымша ақпаратты HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы өнімдерде) (64-бет) бөлімінен қараңыз.
Содан кейін, амалдық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнатады. HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы өнімдерде) Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP Recovery бөлімі қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру USB флэш-жадын пайдаланбастан Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
Жүктеу тәртібін өзгерту үшін МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ажыратылатын пернетақта бар планшет үшін, осы қадамдарды бастамас бұрын пернетақтаны пернетақта бекемдеуіне жалғаңыз. 1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз. 2. BIOS құралын ашу: Пернетақталар тіркелген компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютер немесе планшетті қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз да, esc пернесін тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
10 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, төмендегі әдістердің біреуін пайдаланыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, мына әрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Exit (Шығу) белгішесін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Ignore Changes and Exit (Өзгерістерді сақтамай шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
BIOS нұсқасын жаңарту BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін. BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған. Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар. BIOS нұсқасын анықтау Computer Setup (BIOS) утилитасын жаңарту қажеттілігін анықтау үшін алдымен компьютердегі BIOS нұсқасын анықтаңыз.
а. Ең соңғы BIOS жаңартуын анықтап, оны қазір компьютерде орнатылған BIOS нұсқасымен салыстырыңыз. Басқа кодтың күні, атауы немесе қосымша ақпаратын жазып алыңыз. Бұл ақпарат жаңарту файлы қатты дискіге жүктелгеннен кейін оны табу үшін қажет болуы мүмкін. ә. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. BIOS жаңартуы жүктеліп алатын қатты дискідегі орынға жолды жазып алыңыз. Сіз жаңартуды орнатуға дайын болғаныңызда бұл жол бойынша файлды табасыз.
TPM BIOS параметрлері (тек таңдаулы өнімдерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сенімді платформа модулін (TPM) осы жүйеде іске қоспастан бұрын модульді пайдалану мақсатына сәйкес жергілікті заңдармен, ережелермен және саясаттармен сай келетінін тексеріңіз және қолданылатын барлық рұқсаттар мен лицензияларды алыңыз. Жоғарыда аталған талаптарды бұзатын сенімді платформа модулін (TPM) пайдалану нәтижесінде кез келген сәйкестік мәселелер орын алса, сіз барлық міндеттемелер үшін толығымен жауапты болуы тиіс.
11 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics бөлімінде Download (Жүктеу) сілтемесін таңдап, Выполнить (Орындау) түймешігін басыңыз. Белгілі бір өнімге арналған кез келген UEFI нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/support веб-торабына кіріп, еліңізді таңдаңыз. HP қолдау терезесі ашылады. 2.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Қолжетімділік HP мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса барлығы пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші құрылғылармен жасақтайды, өндіреді және нарыққа шығарады. Қолдау көрсетілетін көмекші технологиялар HP өнімдері операциялық жүйенің әр түрлі көмекші технологияларына қолдау көрсетеді және оларды қосымша көмекші технологиялармен жұмыс істеуге теңшеуге болады. Көмекші мүмкіндіктер туралы қосымша ақпаратты табу үшін құрылғыдағы Іздеу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Индекс А Автоматты DriveLock 50 Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 50 шығарып алу 51 ағытпа, қуат 5 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 29, 32 айнымалы ток адаптері, тексеру 42 айнымалы ток адаптерін тексеру 42 ақпарат алу аппараттық құрал 4 бағдарламалық құрал 4 астыңғы жағы 16 Аудио 27 аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 4 Ә әкімші құпия сөзі 44 Б бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 55 бағдарламалық құрал HP 3D DriveGuard 55 вирусқа қарсы 51 Дискіні дефрагментациялау
компьютерді тазалау 56 компьютерді тасымалдау 57 корпоративтік WLAN қосылымы 18 Күту қосу 35 шығу 35 күтім HP 3D DriveGuard 55 бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 55 Дискіні дефрагментациялау құралы 54 Дискіні тазалау 54 кірістірілген веб-камера шамы, анықтау 7 кірістірілген сандық пернетақта, анықтау 11 кішірейтілген бейнені қалпына келтіру 63 Қ қалпына келтіру HP Recovery Manager 62 USB флэш картасы 63 дискілер 60, 63 жүйе 62 қолдау көрсетілетін дискілер 60 қосу 63 құрал 63 НР жүйені қалпына келтіру құ
Сенсорлы тақтаны екі саусақпен түрту қимылы 23 Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймесі, анықтау 8 Сенсорлы тақтаны пайдалану 22 Сенсорлы тақтаның төрт саусақпен түрту қимылы 24 Сенсорлы тақтаның үш саусақты сырғыту қимылы 25 Сенсорлы тақта шамы, анықтау 9 сенсорлы экран қимылдары бір саусақты сырғыту 24 сериялық нөмір 15 сериялық нөмір, компьютер 15 смарт карта ұя 4 сол жақ тетікті түйме, анықтау 8 сұйықтықтың төгілуі, анықтау 13 сымсыз антенналар, анықтау 7 сымсыз байланыс пернесі 17 сымсыз байланыс түймесі 17
M Miracast 32 N num lock пернесінің шамы 9 R RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 6 RJ-45 (желі) шамдары, анықтау S SIM картасы салу 16 Sure Start пайдалану 69 T Thunderbolt порты, жалғау 31 TPM параметрлері 69 U USB 3.0 зарядтау (қуат берілетін), анықтау 6 USB 3.