User's Guide
3. DSL сүзгісін параллель сплиттерге қосыңыз.
4. DSL модемін параллель сплиттерге қосыңыз.
5. Параллель сплиттерді ұяға қосыңыз.
6. Факсті тексеруді қосу.
Принтерге қоңырау шалынғанда, принтер Жауап берілетін қоңыраулар параметрінде орнатылған
бірнеше қоңыраудан кейін автоматты түрде жауап береді. Принтер факсты қабылдау сигналдарын
жіберуші факс құрылғысына шығарып, факсты қабылдайды.
Принтерге қосымша жабдықты орнату кезінде ақаулар туындаса, келесі көмектерді алу үшін
жергілікті қызметті берушімен немесе сатушымен байланысыңыз.
H жағдайы: Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/компьютер модемі бар факс желісі
Компьютердегі телефон порттарының санына негізделген принтерді компьютермен бірге орнатуға
арналған екі түрлі жол бар. Бастамас бұрын бір немесе екі телефон порттарының болуын қарау үшін
компьютерді тексеріңіз.
●
Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/компьютерде теру модемі бар факс
●
Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/компьютерде DSL/ADSL модемі бар факс
Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/компьютерде теру модемі бар факс
Дыбыстық, факс және компьютерде теру модемі үшін телефон желісін пайдаланып жатсаңыз, факсты
орнату мақсатында осы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердегі телефон порттарының санына негізделген принтерді компьютермен бірге орнатуға
арналған екі түрлі жол бар. Бастамас бұрын бір немесе екі телефон порттарының болуын қарау үшін
компьютерді тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде тек бір ғана телефон порты болса, суретте көрсетілгендей параллель
сплиттерді сатып алу қажет ( жалғастырғыш деп те аталады). Параллель сплиттердің алдыңғы
жағында бір RJ-11 порты және артқы жағында екі RJ-11 порты бар. 2 сымды телефон сплиттерді,
сериялық сплиттерді немесе алдыңғы жағында екі RJ-11 порты бар және артқы жағында ашасы бар
параллель сплиттерді қолданбаңыз.
Cурет 5-8 Параллель сплиттердің мысалы
KKWW Қосымша факсты орнату 95