User's Guide
Басқару тақтасы дисплейінің белгішелері
Белгіше Мақсат
Көшіру : Көшіру мәзірін ашады, бұл мәзірде көшірме түрін таңдауға немесе көшірме параметрлерін
өзгертуге болады.
Сканерлеу : Сканерлеу мәзірін ашады. Бұл мәзірде сканерленген көшірме орнын таңдауға болады.
Факс : Факс жіберу немесе факс параметрлерін өзгертуге болатын терезені көрсетеді.
Реттеу : Реттеу мәзірін ашады. Бұл мәзірде теңшелімдерді өзгертуге және күтім көрсету функцияларын
орындайтын құралдарды пайдалануға болады.
HP ePrint белгішесі: ePrint күйі туралы мәліметтерді тексеруге, HP ePrint параметрлерін өзгертуге немесе
ақпараттық бетті басып шығаруға болатын Веб-қызметтер түйіні мәзірін ашады.
Wi-Fi Direct белгішесі: Wi-Fi Direct қосуға, Wi-Fi Direct өшіруге және Wi-Fi Direct атауы мен құпиясөзін
көрсетуге болатын Wi-Fi Direct мәзірі ашылады.
Беспроводное (Сымсыз)белгішесі: Сымсыз байланыс күйін тексеруге және сымсыз байланыс
параметрлерін өзгертуге болатын Wireless Summary (Сымсыз байланыс түйіні) мәзірін ашады. Сондай-ақ,
желі байланысына қатысты мәселелерін диагностикалауға көмектесетін сымсыз желіні тексеру туралы
есепті басып шығаруға болады.
Сия белгішісі: Анықталған сия деңгейлерін көрсетеді. Сия сауытындағы сия деңгейі төмен болса, ескерту
таңбасы пайда болады.
ЕСКЕРТПЕ: Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана
бағалауларды береді. Басып шығару кезінде кешігулер немесе сапаның нашарламауы үшін сиясы
таусылған сия сауытын қайта толтырыңыз.
Факс күйі белгішесі: Автоматты жауап беру функциясының күйі, факс журналдары және факстың дыбыс
деңгейі туралы ақпаратты көрсетеді.
Принтердің параметрлерін өзгерту
Осы басқару тақтасын принтердің функциясына және параметрлерін, принтер есептерін немесе
принтер туралы анықтама алу үшін пайдаланыңыз.
6 1-тарау Жұмысты бастау KKWW










