User's Guide
Wi-Fi Direct аты мен құпия сөзді табу
● Принтердің басқару тақтасы дисплейіндегі Негізгі экранда мына түймені түртіңіз: (Wi-Fi Direct).
Wi-Fi Direct аты мен құпия сөзі экранда пайда болады.
Wi-Fi Direct қолдайтын сымсыз жұмыс істейтін мобильді құрылғыдан басып шығару
Google Android құрылғылары үшін мобильді құрылғыңызда HP басып шығару қызметінің қосылатын
модулінің соңғы нұсқасы орнатылғанын тексеріңіз. Бұл қосылатын модульді Google Play
бағдарламалар дүкенінен жүктеп алуға болады.
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Мобильді құрылғыңызда Wi-Fi Direct мүмкіндігін қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді
құрылғымен бірге берілген құжаттан қараңыз.
3. Мобильді құрылғыңыздан басып шығару функциясы қосулы бағдарламадан құжатты таңдаңыз
да, құжатты басып шығару үшін опцияны таңдаңыз.
Қолжетімді принтерлер тізімі шығады.
4. Мобильді құрылғыны қосу үшін, қолжетімді принтерлер тізімінен көрсетілген Wi-Fi Direct атауын
таңдаңыз, мысалы, DIRECT-**-HP Smart Tank Plus (бұл жерде ** принтерді анықтайтын бірегей
таңбалар).
Егер мобильді құрылғы принтерге автоматты түрде қосылмаса, принтерге қосу үшін принтердің
басқару тақтасындағы нұсқауларды орындаңыз. Егер PIN коды принтердің басқару тақтасында
көрсетілмесе, мобильді құрылғыда PIN кодын енгізіңіз.
Мобильді құрылғы принтерге сәтті қосылғанда принтер басып шығаруды бастайды.
Wi-Fi Direct мүмкіндігін қолданбайтын сымсыз жұмыс істейтін мобильді құрылғыдан басып шығару
1. Мобильді құрылғыңызға үйлесімді басып шығару бағдарламасын орнатқаныңызды тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз www.hp.com/global/us/en/eprint/
mobile_printing_apps.html.
2. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Wi-Fi
Direct функциясын қосу немесе өшіру (125-бет) бөлімін қараңыз.
3. Мобильді құрылғыдағы сымсыз (Wi-Fi) байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді
құрылғымен бірге берілген құжаттан қараңыз.
4. Мобильді құрылғыдан жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу
нүктесіне қосылу үшін пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. DIRECT-**-HP Smart Tank Plus
сияқты көрсетілген сымсыз желілер тізімінен Wi-Fi Direct атауын таңдаңыз (бұл жердегі **
принтерді анықтау үшін берілген бірегей таңбалар болып табылады).
ЕСКЕРТПЕ: Wi-Fi Direct аты мен құпия сөзін табу үшін Wi-Fi Direct аты мен құпия сөзді табу
(126-бет) бөлімін қараңыз.
5. Сұралған кезде принтердің Wi-Fi Direct құпиясөзін енгізіңіз.
6. Құжатты басып шығарыңыз.
126 7-тарау Қосылу KKWW