User's Guide
Сымсыз жұмыс істейтін компьютерден басып шығару (Windows)
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Wi-Fi
Direct функциясын қосу немесе өшіру (125-бет) бөлімін қараңыз.
2. Компьютердің Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты компьютерде берілген құжаттан
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіз Wi-Fi байланысын қолдамайтын болса, Wi-Fi Direct мүмкіндігін
пайдалану мүмкін емес.
3. Компьютерден жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу нүктесіне
қосылу үшін пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. DIRECT-**-HP Smart Tank Plus сияқты
көрсетілген сымсыз желілер тізімінен Wi-Fi Direct атауын таңдаңыз (бұл жердегі ** принтерді
анықтау үшін берілген бірегей таңбалар болып табылады).
Сұралған болса, Wi-Fi Direct құпиясөзін енгізіңіз.
Wi-Fi Direct аты мен құпия сөзін табу үшін Wi-Fi Direct аты мен құпия сөзді табу (126-бет) бөлімін
қараңыз.
4. Егер принтер орнатылып сымсыз желі арқылы компьютерге қосылған болса, 5 қадамға өтіңіз.
Егер принтер орнатылып компьютерге USB кабелі арқылы қосылған болса, Wi-Fi Direct
қосылымын пайдаланатын принтер бағдарламалық құралы орнату үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
а. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
● Windows 10: Компьютердің жұмыс үстелінен Бастау түймесін басып, қолданбалар
тізімінен НР тармағын таңдаңыз, содан соң принтер атауы бар белгішені таңдаңыз.
● Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып,
бардарламалар жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, принтер
атауын таңдаңыз.
● Windows 7: Компьютердің жұмыс үстелінен Start (Бастау) түймесін басып, All Programs
(Барлық бағдарламалар) тармағын таңдап, НР түймесін басыңыз, содан соң принтерге
арналған қалтаны басып, принтер атауы бар белгішені таңдаңыз.
ә. принтер бағдарламалық құралы параметрінде Tools (Құралдар) түймесін басыңыз.
б. Device Setup & Software (Принтер параметрі және бағдарламалық құрылғыны орнату)
түймесін басып, Connect a new device (Жаңа құрылғы қосу) тармағын таңдаңыз.
в. Параметры подключения (Байланыс параметрлері) бағдарламалық жасақтама экраны
пайда болған кезде Беспроводной (Сымсыз) параметрін таңдаңыз.
Анықталған принтерлердің тізімінен HP принтерін таңдаңыз.
г. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Құжатты басып шығарыңыз.
KKWW Принтерге сымсыз байланыс арқылы маршрутизаторсыз қосылу (Wi-Fi Direct) 127