User's Guide
Сымсыз байланыс параметрлерін өзгерту
Принтердің сымсыз байланысын орнатуға және басқаруға және әр түрлі желі басқару тапсырмаларын
орындауға болады. Оған желі параметрлері, сымсыз функцияны қосу немесе өшіру және сымсыз
байланыс параметрлерін өзгерту туралы басып шығару мәліметтері кіреді.
Принтердегі сымсыз байланыс мүмкіндігін қосу немесе өшіру
Принтердің сымсыз байланыс мүмкіндігі қосулы кезде принтердің басқару тақтасында сымсыз
байланыстың көк шамы жанып тұрады.
1. Принтердің басқару тақтасы дисплейінде Басты экраннан (Сымсыз) түймесін, сосын
(Параметрлер) түймесін түртіңіз.
2. Сымсыз мүмкіндікті қосу немесе өшіру үшін Wireless (Сымсыз) параметрінің жанындағы
ажыратып-қосу түймесін түртіңіз.
Сымсыз желінің сынақ есебін басып шығару
1. Принтердің басқару тақтасы дисплейінде Басты экраннан (Сымсыз) түймесін, сосын
(Параметрлер) түймесін түртіңіз.
2. Print Reports (Басып шығару есептері) түймесін түртіңіз.
3. Сымсыз байланыс сынағының есебі түймесін түртіңіз.
Желі параметрлерін басып шығару
Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:
● Желі күйін экранын көрсету үшін, принтер басқару тақтасының дисплейінде Басты экраннан
(Сымсыз) түймесін түртіңіз. Желіні конфигурациялау бетін басып шығару үшін Print Info
(Мәліметтерді басып шығару) тармағын түртіңіз.
● Принтердің басқару тақтасында Басты экраннан ( Реттеу ), Tools (Құралдар) түймесін түртіп,
Network Conguration Report (Желіні конфигурациялау есебі)түймесін түртіңіз.
Сымсыз желі параметрлерін өзгерту (Windows)
Бұл әдіс принтер бағдарламалық құралы орнатылған болса ғана қол жетімді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бұл әдіс USB кабелін қажет етеді. USB кабелін бағдарламалық құрал
сұрамайынша қоспаңыз.
1. HP принтер бағдарламалық құралы бағдарламалы құралында (Start (Бастау) мәзірінде
қолжетімді) Tools (Құралдар) тармағын басыңыз.
2. Device Setup & Software (Құрылғыны орнату және бағдарламалық құрал) түймесін басыңыз.
3. Сымсыз қосылым параметрлерін қайта теңшеу пәрменін таңдаңыз. Экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
KKWW Сымсыз байланыс параметрлерін өзгерту 129