User's Guide
Кептелістер және қағаз беру құралының ақаулары
Қағазды немесе басып шығару картриджіндегі кептелісті алып тастаңыз
Қағаз кептелісі ақауларын
жойыңыз.
HP ақауды онлайн жою шеберін пайдалану
Қағаз кептелістерін тазалау және қағаз немесе қағазды беру мәселелерін шешу туралы
қадамдық нұсқаулар алыңыз.
Принтер кареткасының
кептеліс мәселесін шешу
HP ақауды онлайн жою шеберін пайдалану
Егер бір нәрсе принтер кареткасына кедергі келтіріп тұрса немесе ол оңай жылжымаса,
қадамдық нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP ақауды онлайн жою шеберлері барлық тілдерде қол жетімді болмауы мүмкін.
Кептелістерді тазалау үшін Анықтамадағы жалпы нұсқауларды оқу
Қағаз кептелісі бірнеше жерде пай да болуы мүмкін. Басып шығару кареткасының кептелістері үшін
қағазды қоса, баспа механизміне қол жеткізу аймағындағы басып шығару кареткасын блоктайтын кез
келген заттарды алып тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кептелген заттарды алып тастау үшін кез келген құралды немесе басқа құрылғыларды
пайдаланбаңыз. Принтер ішінен кептелген заттарды алғанда әрқашан сақ болыңыз.
Кіріс науасындағы қағаз кептелісін тазалау
1. Кептелген қағазды кіріс науасынан ақырын шығарыңыз.
2. Қағаз жолында ешқандай нысанның болмауын тексеріңіз, содан кейін қағазды қайта салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кіріс науа қалқаншасы бөгде заттардың қағаз жолына түсіп, күрделі қағаз
кептелісінің пайда болуынан сақтайды. Кіріс науасының қалқаншасын алып тастамаңыз.
Шығыс науасындағы қағаз кептелісін тазалау
▲ Кептелген қағазды шығыс науасынан ақырын шығарыңыз.
KKWW Кептелістер және қағаз беру құралының ақаулары 141