User's Guide
б. Принтер мәзірінде Басып шығаруды тоқтату немесе Принтерді желіге қоспай пайдалану
параметрлерінің жанына белгі қойылғанына көз жеткізіңіз.
в. Егер кез келген өзгертулер енгізілген болса, қайта басып шығаруға әрекет жасаңыз.
4. Құрылғы әдепкі принтер ретінде орнатылғанын тексеріңіз.
Құрылғы әдепкі принтер деп орнатылғанын тексеру
а. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
● Windows 10: Windows жүйесінің Бастау мәзірінен қолданбалар тізіміндегі Windows
жүйесі тармағын таңдап, Басқару тақтасы тармағын таңдаңыз, содан соң Аппараттық
құрал мен дыбыс бөліміндегі Құрылғылар мен принтерлерді көру түймесін басыңыз.
● Windows 8.1 және Windows 8: Шебер түймелер тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы
оң жақ бұрышына меңзеңіз немесе түртіңіз, Параметрлер белгішесін басыңыз, Басқару
тақтасын басыңыз немесе түртіңіз, содан соң Құрылғылар мен принтерлерді қарау
тақтасын басыңыз немесе түртіңіз.
● Windows 7: Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мәзірінен Устройства и принтеры
(Құрылғылар және принтерлер) пәрменін басыңыз
ә. Әдепкі принтер ретінде дұрыс құрылғы орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Әдепкі принтердің жанында қара немесе жасыл дөңгелекке белгі қойылған.
б. Басқа құрылғы әдепкі принтер ретінде орнатылса, дұрыс құрылғыны тінтуірдің оң жағымен
басыңыз және Әдепкі принтер ретінде орнату параметрін таңдаңыз.
в. Принтерді қайтадан қолданып көріңіз.
5. Принтердегі спулер бағдарламасын қайта іске қосыңыз.
Принтердегі спулер бағдарламасын қайта іске қосу
а. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
● Windows 10 : Windows Start (Бастау) мәзіріне кіріп, Windows System (Windows жүйесі)
түймесін, содан кейін Control Panel (Басқару тақтасы) түймесін басыңыз.
● Windows 8.1 және Windows 8 :
i. Шебер түймелер жолағын ашу үшін экранның жоғарғы оң жақ бұрышын басып немесе
түртіп, кейін Параметры (Параметрлер) белгішесін басыңыз.
ii. Контрольная панель.(Бақылау тақтасы) параметрін басыңыз.
● Windows 7: Windows Start (Бастау) мәзіріне кіріп, Control Panel (Басқару тақтасы)
түймесін басыңыз.
ә. System and Security (Жүйе және қауіпсіздік) түймесін, содан кейін Administrative Tools
(Әкімшілік құралдар) түймесін басыңыз.
б. Қызметтер түймесін екі рет басыңыз.
в. Принтердегі спулер бағдарламасы түймесін тінтуірдің оң жағымен басып, Сипаттар
түймесін басыңыз.
KKWW Басып шығару ақаулары 157