User's Guide
«Факспен телефон сымының дұрыс түрін пайдалану» сынағы орындалмады
● Телефон сымының бір ұшын принтердегі портына, ал екінші ұшын суретте көрсетілгендей
телефон ұясына қосу қажет.
1 Телефон ұясы
2
Принтердегі портына қосу үшін кемінде 26 AWG телефон сымын пайдаланыңыз
Қажет болса, ұзынырақ телефон сымын пайдаланыңыз. Телефон сымдарын телефон керек-
жарақтарымен айланысатын электрондық дүкендерден сатып алуға болады.
● Телефон сымының қауіпсіз екенін тексеру үшін, принтер мен телефон ұясы арасындағы
байланысды тексеріңіз.
● Телефон сплиттерін пайдаланып отырсаңыз, факс аппаратында ақау пайда болуы мүмкін.
(Сплиттер — телефон ұясына жалғайтын екі сымды қосқыш.) Сплиттерді алып тастап, телефон
ұясына принтерді тікелей қосып көріңіз.
«Теру сигналын анықтау» сынағы орындалмады
● Принтер сияқты бірдей телефон сымын қолданатын басқа жабдық сынақтың орындалмауына
әкелуі мүмкін. Ақауды басқа жабдықтың туғызатынын тексеру үшін, телефон желісінен
барлығын ажыратып, сынақты қайта іске қосыңыз. Басқа жабдықсыз Теру сигналын анықтауды
тексеру орындалса, жабдықтың бір немесе бірнеше бөліктері ақауларды туғызған болуы мүмкін;
жабдықтың қайсы бөлігі ақауға әкелетінін анықтау үшін, әрбір бөлікті бөлек уақытта артқы
жағына қосып, әрбір уақытта сынақты қайтадан іске қосып көріңіз.
● Жұмыс телефоны мен телефон сымын принтер үшін қолданылатын телефон ұясына қосуға
әрекет жасап, теру сигналын тексеріңіз. Теру сигналын естімесеңіз, телефон корпорациясымен
байланысып, желіні тексерткізіңіз.
● Принтердің телефон ұясына дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Телефон сымын қолданып бір ұшын
телефон ұясына қосыңыз, одан кейін екінші ұшын принтердегі портына қосыңыз.
● Телефон сплиттерін пайдаланып отырсаңыз, факс аппаратында ақау пайда болуы мүмкін.
(Сплиттер — телефон ұясына жалғайтын екі сымды қосқыш.) Сплиттерді алып тастап, телефон
ұясына принтерді тікелей қосып көріңіз.
● Телефон жүйесі жеке телефон станция жүйелері (PBX) сияқты қалыпты теру сигналын
қолданбайтын болса, бұл сынақтың орындалмауына әкелуі мүмкін. Бұл факстарды жіберу
KKWW Факс ақаулары 165