User's Guide

Түпнұсқа зауыттық әдепкі мәндер мен параметрлерді
қалпына келтіру
Принтерге немесе желі параметрлеріне өзгеріс енгізген болсаңыз, принтердің бастапқы зауыттық
параметрлерін немесе желілік параметрлерді қалпына келтіре аласыз.
Принтерді алғаш қосқаныңызға екі сағаттан көп уақыт өткенмен, принтердің сымсыз байланыс
параметрлерін әлі орнатпаған болсаңыз, принтердің желілік параметрлерін қалпына келтіру
арқылы желілік параметрлерді орнату режиміне қойыңыз. Параметрлерді орнату режимі екі
сағатқа созылады.
Принтердің желі параметрлерін қалпына келтіру арқылы желі байланысындағы ақауларды
түзете аласыз.
ЕСКЕРТУ: Принтердің желі параметрлерін қалпына келтіретін болсаңыз, принтерді желіге қайта
жалғауыңыз керек болады.
Принтерді бастапқы зауыттық параметрлерге қою
1. Принтердің басқару тақтасындағы дисплейде көрсетілетін Негізгі экранда солға қарай сырғытып,
( Реттеу ) түймесін түртіңіз.
2. Құралдар , Restore Factory Defaults (Зауыттық параметрлерге ысыру) түймесін түртіп,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Принтердің басқару тақтасындағы желі параметрлерін қалпына келтіру
1. Басты экранда (Сымсыз) белгішесін түртіңіз, содан кейін (Параметрлер) түртіңіз.
2. Restore Network Settings (Желі параметрлерін қалпына келтіру) түймесін түртіп, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
3. Желі конфигурациясы бетін басып шығарып, бұо желінің параметрлері қайта орнатылғанын
тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтердің желі параметрлерін қайта орнатқан кезде, бұрын теңшелген сымсыз
байланыс параметрлері (сілтеме жылдамдығы немесе IP мекенжайы сияқты) жойылады. IP
мекенжайы қайтадан Автоматты режиміне орнатылады.
КЕҢЕС: Жалпы принтер ақауларын түзетуге көмектесе алатын ақпарат пен қызметтік
бағдарламаларды www.support.hp.com сайтынан қарай аласыз.
(Windows) Басып шығару, сканерлеу, көшіру қателерін анықтап, автоматты түрде түзету үшін HP Print
and Scan Doctor бағдарламасын іске қосыңыз. Бағдарлама кейбір тілдерде ғана қолжетімді.
176 8-тарау Мәселені шешу KKWW