User's Guide
2. Жұмсақ әйнекті тазартқышпен дымқылданған жұмсақ, мамықсыз матаны қолдану арқылы
сканер әйнегін және қақпақтың артқы жағын тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ: Сканер әйнегін тазарту үшін тек қана әйнекті тазартқышты қолданыңыз. Сканер
әйнегіне зақым келтіруі мүмкін қырғыштары, ацетон, жанармай, көміртек тетрахлориді бар
тазартқыштарды қолданбаңыз. Сканер әйнегінде жолақтар қалдыруы мүмкін изопропил спиртін
қолданбаңыз.
ЕСКЕРТУ: Әйнек тазартқышты сканер әйнегіне тікелей шашпаңыз. Егер көп тазартқыш
қолданылса, тазартқыш сканер әйнегінің астына өтіп, сканерді зақымдауы мүмкін.
3. Сканер қақпағын жауып, принтерді қосыңыз.
Сыртын тазалаңыз
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Принтерді тазаламас бұрын, қуат түймесін (Қуат) басып, принтерді өшіріңіз
және қуат сымын электр розеткасынан ажыратыңыз.
Шаңды, дақтарды және корпусындағы іздерді сүрту үшін жұмсақ, дымқыл, мамықсыз матаны
қолданыңыз. Принтердің ішкі бөлігінен, сондай-ақ, принтердің басқару тақтасынан сұйықтықты
алшақ ұстаңыз.
Құжатты беретін құралды тазалау
Құжатты беретін құрал бірнеше бетті алатын болса немесе қарапайым қағазды алмайтын болса,
шығыршықтар мен бөлгіш тіректі тазартыңыз.
Шығыршықтарды немесе бөлгіш тіректі тазарту
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Принтерді тазаламас бұрын оны (Қуат түймесі) түймесін басып өшіріп, электр
розеткасынан қуат сымын ажыратыңыз.
1. Құжаттарды жүктейтін науадан барлық түпнұсқаларды алып тастаңыз.
178 8-тарау Мәселені шешу KKWW