User's Guide
Хатқалталарды басып шығару
Хатқалталарды басып шығармас бұрын кіріс науасына хатқалталар салынғанын және шығыс науасы
ашық екенін тексеріңіз. Кіріс науасына бір немесе бірнеше хатқалталар салуға болады. Жылтырақ
немесе бедерлі хатқалталарды немесе қыстырғыштары мен терезелері бар хатқалталарды
пайдаланбаңыз. Хатқалталар салу туралы қосымша ақпарат алу үшін Медиа құралын салу (19-бет)
бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Хатқалталарда басып шығару үшін мәтінді пішімдеу әдісі туралы мәліметтер алу үшін
пайдаланып жатқан қолданбаның құжаттамасын қараңыз.
Хатқалтаны басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралдың File (Файл) мәзірінде Print (Басып шығару) параметрін таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғандығын тексеріңіз.
3. Свойства (Сипаттар) диалогтық терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Параметрлер), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтер сипаттары),
Принтер немесе Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.
4. Printing Shortcuts (Басып шығару таңбашалары) немесе Printing Shortcut (Басып шығару
таңбашалары) қойындысында сәйкес параметрлерді таңдаңыз.
Басқа басып шығару параметрлерін өзгерту үшін басқа қойындыларды басыңыз.
Принтер драйверіндегі опциялар туралы қосымша мәліметтер алу үшін сөзкөмектерді көру үшін
әрбір опцияның үстіне тінтуірді апарыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қағаз өлшемін өзгертсеңіз, кіріс науасына тиісті қағазды жүктегеніңізді
тексеріңіз.
5. Properties (Сипаттар) диалогтық терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз.
6. Басып шығаруды бастау үшін Печать (Басып шығару) немесе OK түймесін басыңыз.
26 2-тарау Басып шығару KKWW