User's Guide

HP Smart қолданбасы арқылы басып шығару
Бұл бөлімде iOS, Android, Windows және Mac құрылғыларынан басып шығару үшін HP Smart
қолданбасын қалай қолдану керектігі жөнінде жалпы нұсқау беріледі. Қолданба туралы толық
ақпарат алу үшін Басып шығару, сканерлеу және ақауларды жою үшін HP Smart қолданбасын
пайдаланыңыз (13-бет) бөлімін қараңыз.
Басып шығару үшін HP Smart қолданбасын пайдалана бастау
1. Науаға қағазды салыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Медиа құралын салу (19-бет) бөлімін
қараңыз
.
2. Құрылғыңыздағы HP Smart қолданбасын ашыңыз.
3. HP Smart негізгі экранында принтеріңіздің таңдалғанына көз жеткізіңіз.
КЕҢЕС: Принтердің параметрлері орнатылып қойған болса, солға немесе оңға сырғыту арқылы
оны HP Smart негізгі экранынан таңдауыңызға болады.
Басқа принтерді қолдану үшін Негізгі экрандағы (Плюс белгішесі) түртіңіз немесе басыңыз,
содан кейін басқа принтерді таңдаңыз немесе жаңа принтер қосыңыз.
Android немесе iOS құрылғысынан басып шығару
1. HP Smart қолданбасының негізгі экранында басып шығару опциясын (мысалы, Print Photos
(Фотосуреттерді басып шығару немесе) Print Facebook Photos (Facebook-тегі фотосуреттерді
басып шығару)) таңдаңыз. Фотосуреттер мен құжаттарды құрылғыдан, бұлттық жадтан немесе
әлеуметтік медиа сайттарынан басып шығаруға болады.
2. Басып шығару қажет фотосуретті немесе құжатты таңдаңыз.
3. Басып шығару түймесін түртіңіз.
Windows 10 құрылғысынан басып шығару
1. HP Smart Қолданбасының негізгі экранында экранның төменгі жағында орналасқан Print (Басып
шығару) түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
2. Фотосуретті басып шығару параметрін таңдап, басып шығару қажет фотосуретті табыңыз,
содан соң Басып шығарылатын фотосуреттерді таңдау түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
Құжатты басып шығару параметрін таңдап, басып шығару қажет PDF құжатын табыңыз, содан
соң Басып шығару түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
3. Қажетті параметрлерді таңдаңыз. Қосымша параметрлерді көру үшін Қосымша параметрлер
түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
Басып шығару параметрлері туралы қосымша ақпаратты Дұрыс басып шығару туралы кеңестер
(33-бет) бөлімінен қараңыз.
4. Басып шығаруды бастау үшін Басып шығару түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
KKWW HP Smart қолданбасы арқылы басып шығару 27