User's Guide
Mac стационарлық компьютері немесе лаптоп арқылы
басып шығару
HP AirPrint технологиясын қолдайтын принтерлер мен OS X 10.11 және macOS 10.12 және одан кейінгі
нұсқасы бар Mac компьютерлеріне арналған нұсқаулар.
Желіге қосылған принтер
Егер принтер орнатылған және сымсыз байланыс желісіне қосылған болса, System Preferences (Жүйе
параметрлері) мәзірі арқылы Mac стационарлық компьютерінен немесе лаптоптан басып шығаруды
қоса аласыз
.
1. System Preferences (Жүйе параметрлері) бөлімін ашып, Printers and Scanners (Принтерлер мен
сканерлер) опциясын таңдаңыз.
2. Mac компьютерінде принтерді орнату үшін Add + (Қосу +) түймесін басыңыз. Көрсетілген желілік
принтерлер тізімінен принтерді таңдап, Add (Қосу) түймесін басыңыз. Принтеріңіз үшін қолжетімді
басып шығару, сканерлеу немесе факс драйверлері орнатылады.
Бұл нұсқаулар Mac компьютерінен басып шығаруға мүмкіндік береді. Сия деңгейлері мен принтер
ескертулерін бақылау үшін HP Smart қолданбасын пайдалануды жалғастырыңыз.
Желіге қосылмаған принтер
▲ Егер принтер орнатылмаған немесе желіге қосылмаған болса, қажетті бағдарламалық құралды
орнату үшін 123.hp.com сайтына өтіңіз.
30 2-тарау Басып шығару KKWW