User's Guide
Мобильді құрылғылардан басып шығару
Мобильді құрылғылардан басып шығару
Құжаттар мен фотосуреттерді iOS, Android, Windows Mobile, Chromebook және Amazon Kindle жүйелері
қосылған мобильді құрылғылардан тікелей басып шығаруға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Сондай-ақ, мобильді құрылғыдан басып шығару үшін HP Smart қолданбасын
пайдалануға болады. Қосымша ақпарат алу үшін HP Smart қолданбасы арқылы басып шығару
(27-бет) бөлімін қараңыз.
Мобильді құрылғылардан басып шығару
1. Принтер мен компьютердің қосылып тқрғанына және бір сымсыз желіге жалғанып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
КЕҢЕС: Маршрутизаторға қосылмай басып шығаруды қаласаңыз, мобильді құрылғыдан басып
шығару үшін Wi-Fi Direct параметрін пайдаланыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Принтерге
сымсыз байланыс арқылы маршрутизаторсыз қосылу (Wi-Fi Direct) (125-бет) бөлімін қараңыз.
2. Мобильді құрылғыда басып шығару мүмкіндігін қосыңыз:
● iOS: Print (Басып шығару) параметрін Share (Ортақ пайдалану) мәзірінен қолданыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: iOS 4.2 немесе одан кейінгі нұсқасын пайдаланатын құрылғыларда AirPrint®
алдын ала орнатылған болады.
● Android: Google Play дүкенінен HP басып шығару қызметі қосылатын модулін (Android 4.4
және одан кейінгі нұсқадағы құрылғыларда жұмыс істейді) жүктеп алыңыз да, оны
құрылғыңызда қосыңыз.
● Windows Mobile: Print (Басып шығару) параметрін Device (Құрылғы) мәзірінен түртіңіз.
Бағдарламалық құрал алдын ала орнатылмайынша, ешбір орнату қажет емес.
ЕСКЕРТПЕ: Принтеріңіз тізімде жоқ болса, Add Printer (Принтерді қосу) шеберін қолданып
принтерді бір рет пайдалану үшін орнату қажет болуы мүмкін.
● Chromebook: Wi-Fi және USB арқылы басып шығаруды қосу үшін Chrome Web дүкенінен HP
Print for Chrome бағдарламасын жүктеп алып, орнатыңыз.
● Amazon Kindle Fire HD9 және HDX: Құрылғыда Print (Басып шығару) параметрін алғаш рет
таңдаған кезде, HP басып шығару қызметі қосылатын модулі мобильді басып шығаруды
қосу үшін автоматты түрде жүктеп алынады.
ЕСКЕРТПЕ: Мобильді құрылғылардан басып шығаруды қосу туралы егжей-тегжейлі ақпаратты
алу үшін HP мобильді басып шығару веб-сайтына кіріңіз ( www.hp.com/go/mobileprinting ). Осы
веб-сайттың жергілікті нұсқасы еліңізде/аймағыңызда немесе тіліңізде қол жетімді болмаса,
басқа елдегі/аймақтағы немесе тілдегі НР мобильді басып шығару веб-сайтына бағытталған
болуыңыз мүмкін.
3. Принтердің қағаз параметрлеріне сәйкес келетін қағазды салғаныңызға көз жеткізіңіз (қосымша
ақпарат алу үшін Медиа құралын салу (19-бет) бөлімін қараңыз).
Қағаз өлшемін салынған қағазбен мұқият реттеу мобильді құрылғыңыздың қандай қағаз өлшемі
басып шығарылатынын білуіне мүмкіндік береді.
KKWW Мобильді құрылғылардан басып шығару 31