User's Guide

Қағаз және қағаз науасының параметрлерін түсіну үшін:
Қағаз өлшемі: Енгізу науасына жүктелген қағаз өлшемін таңдаңыз.
Paper Source (Қағаз көзі): Қағазды жүктеген қағаз науасын таңдаңыз.
Paper Type (Қағаз түрі) немесе Media (Тасушылар): Қолданып жатқан қағаз түрін таңдаңыз.
Түс немесе қара және ақ түс параметрлерін түсіну үшін:
Colorүсі): Толық түрлі түсті басып шығару үшін қара және түрлі түсті сияны қолданады.
Black & White (Қара және ақ) немесе Black Ink Onlyек қара бояу): Қара түсті бояуды тек
сапасы қалыпты не төмен қара және ақ түсті баспалар үшін пайдаланады.
High Quality Grayscaleоғары сапалы сұр шкала): Жоғары сапалы қара және ақ түсте
басып шығару мақсатында, қара және сұр түстердің кең ауқымын жасау үшін, түрлі түсті
және қара сияларды қолданады.
Басып шығару сапасының параметрлерін түсіну үшін:
Басып шығару сапасы бір дюйм үшін басып шығару ажыратымдылығының нүктелерімен
өлшенеді (нүкте/дюйм). Жоғары нүкте/дюйм өлшемі анығырақ әрі толық баспаларды
шығарғанымен, басып шығару жылдамдығын баяулатып, көбірек бояуды пайдаланады.
Draftоба): Төмен нүкте/дюйм өлшемі әдетте бояу деңгейлері төмен болғанда немесе
жоғары сапалы баспалар қажет болмаған жағдайда пайдаланылады.
Normal (Қалыпты): Көптеген басып шығару жұмыстары үшін ыңғайлы.
Best (Ең жақсы): Normal (Қалыпты) сападан жақсырақ нүкте/дюйм.
Print in Max DPI (Максималды нүкте/дюйм өлшемінде басып шығару): Ең жоғары нүкте/
дюйм параметрі басып шығару сапасы үшін қолжетімді.
HP нақты өмір технологиялары: Бұл мүмкіндік жақсартылған басып шығару сапасы үшін
суреттер мен сызбаларды тегістейді және анығырақ көрсетеді.
Бет және пішім параметрлерін түсіну үшін:
Orientation (Бағдар): Тігінен басып шығару үшін Portrait (Кітаптық) немесе көлденең басып
шығару үшін Landscape (Альбомдық) бағытты таңдаңыз.
Print on Both Sides Manually (Қолмен екі жақты басып шығару): Қағаздың бір жағы басып
шығарылғаннан кейін беттерді қолмен аударыңыз, осылайша, қағаздың екі жағы да басып
шығарылады.
Flip on Long Edge (Ұзын жиекке аудару): Бұл параметрді қағаздың екі жағына да басып
шығару кезінде беттерді қағаздың ұзын жиегі арқылы аудару қажет болған жағдайда
таңдаңыз.
Flip on Short Edge (Қысқа жиекке аудару): Бұл параметрді қағаздың екі жағына да
басып шығару кезінде беттерді қағаздың қысқа жиегі арқылы аудару қажет болған
жағдайда таңдаңыз.
Booklet Layout (Брошюра пішімі) немесе Booklet (Брошюра): Бірнеше беттік құжатты
кітапша ретінде басып шығаруға мүмкіндік береді. Парақтың бір бетінде екі бетті
орналастырады, кейінірек беттің ортасы бойынша кітапша ретінде бүктеуге болады.
34 2-тарау Басып шығару KKWW