User's Guide
Веб-қызметтерді орнату
Веб-қызметтерді орнату алдында принтер сымсыз байланысты қолдану арқылы интернетке
қосылғандығын тексеріңіз.
Принтердің басқару тақтасын пайдаланып веб-қызметтерді орнату
1. Принтердің басқару тақтасы дисплейінде Басты экраннан ( Реттеу ) түймесін түртіңіз.
2. Веб-қызметтер түймесін түртіңіз.
3. Реттеудің веб-қызметтер шарттарын қабылдау үшін Yes (Иә) түймесін түртіңіз.
4. Веб-қызметтер орнатылған кезде, OK түймесін түртіңіз.
Принтер серверге қосылған кезде, принтер ақпараттық бетті басып шығарады және веб-
қызметтер түйінін экранға шығарады.
Кірістірілген веб-сервер арқылы веб-қызметті орнату
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-серверді ашу
(133-бет) бөлімін қараңыз.
2. Веб-қызметтер қойындысын басыңыз.
3. Веб-қызметтерінің параметрлері бөлімінен Реттеу түймесін, Continue (Жалғастыру) түймесін
басып, пайдалану шарттарын қабылдау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Прокси-параметрлеріне нұсқау берілсе және желіңіз прокси-параметрлерді
пайдаланса, прокси-серверлерді орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін желі әкімшісімен немесе желіні орнатқан адаммен хабарласыңыз.
4. Принтер серверге қосылған кезде, принтер мәліметтер бетін басып шығарады. Орнатуды аяқтау
үшін ақпараттық беттегі нұсқауларды орындаңыз.
40 3-тарау Веб-қызметтерді қолдану KKWW