User's Guide

HP ePrint құрылғысымен басып шығару
HP ePrint кез келген уақытта кез келген жерден HP ePrint қосылған принтеріне басып шығару
мүмкіндігін береді.
HP ePrint мүмкіндігін пайдаланбас бұрын принтер Интернет байланысымен қамтамасыз ететін белсенді
желіге қосылғандығын тексеріңіз.
HP ePrint электрондық пошта мекенжайын табу
1. Принтердің басқару тақтасы дисплейінде Басты экраннан ( Реттеу ) түймесін түртіңіз.
2. Web Services (Веб-қызметтер) түймесін түртіңіз.
3. Display Email Address (Электрондық пошта мекенжайын көрсету) түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтер принтер кодын және электрондық пошта мекенжайын реттеу жолы туралы
нұсқауларды қамтитын ақпараттық бетті басып шығару үшін Print Info (Мәліметтерді басып
шығару) түймесін түртіңіз.
Құжатты HP ePrint арқылы басып шығару
1. Веб-қызметтері орнатылғандығын тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін Веб-қызметтерді орнату (40-бет) бөлімін қараңыз.
2. Құжатты принтерге электрондық поштамен жіберіңіз.
а. Компьютерде немесе мобильді құрылғыда электрондық пошта бағдарламасын ашыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде немесе мобильді құрылғыда электрондық пошта бағдарламасын
қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін бағдарламамен берілген құжатты қараңыз.
ә. Жаңа электрондық поштаны жасаңыз және құжатты басып шығару үшін тіркеңіз.
б. Электрондық пошта хабарын принтердің электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз.
Принтер тіркелген құжатты басып шығарады.
ЕСКЕРТПЕ: Электрондық пошта хабары алынған кезде басылып шығарылады. Кез келген
электрондық пошта сияқты оның қашан алынатынына және алынбайтынына кепілдік
берілмейді. Принтер күйін HP Connected ( www.hpconnected.com ;) сайтынан тексеруге болады. Бұл
сайт барлық елдерде/аймақтарда қолданылмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Құжаттар мен HP ePrint бірге басып шығарғанда түпнұсқадан өзгеше болуы мүмкін.
Түпнұсқалық құжаттан мәнері, пішімі және мәтін ағымы өзгеше болуы мүмкін. Жоғарғы сапамен
басып шығарылуы тиіс (ресми құжаттар сияқты) құжаттарды, басып шығару құжаты қалай
көрінетінін басқару үшін компьютердегі бағдарламадан басып шығаруға кеңес береді.
HP ePrint құрылғысын өшіру үшін
1. Принтер басқару тақтасының дисплейінде Басты экраннан (HP ePrint), одан кейін (Веб-
қызметтер параметрлері) түймесін түртіңіз.
2. Оны өшіру үшін HP ePrint параметрінің жанындағы ажыратып-қосу түймесін түртіңіз.
KKWW HP ePrint құрылғысымен басып шығару 41