User's Guide
● Қосымша құжаттар немесе фотосуреттер қосу үшін Беттерді қосу түймесін басыңыз немесе
түртіңіз.
● Құжатты немесе кескінді айналдыру немесе кесу не оның реңкін, ашықтығын, қанықтығын
немесе бұрышын реттеу үшін Өңдеу түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
6. Қажетті файл түрін таңдап, оны сақтау үшін Сақтау белгішесін басыңыз немесе түртіңіз немесе
оны басқалармен ортақ пайдалану үшін Ортақ пайдалану белгішесін басыңыз немесе түртіңіз.
Бұрын сканерленген құжатты немесе фотосуретті өңдеу үшін
HP Smart мүмкіндігі құрылғыда осының алдында сақталған құжатты немесе фотосуретті реттеу үшін
пайдалануға болатын кесу және айналдыру сияқты өңдеу құралдарын қамтамасыз етеді.
1. HP Smart ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Басып шығару, сканерлеу және ақауларды жою
үшін HP Smart қолданбасын пайдаланыңыз (13-бет) бөлімін қараңыз.
2. Scan (Сканерлеу), сонан соң Import (Импорттау) опциясын таңдаңыз.
3. Реттеу қажет құжатты немесе фотосуретті таңдап, Ашу түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
4. Қажет болғанда, жиектерді реттеңіз. Қолдану белгішесін басыңыз немесе түртіңіз.
5. Қажет болса, басқа да реттеулер жасаңыз:
● Қосымша құжаттар немесе фотосуреттер қосу үшін Беттерді қосу түймесін басыңыз немесе
түртіңіз.
● Құжатты немесе кескінді айналдыру немесе кесу не оның реңкін, ашықтығын, қанықтығын
немесе бұрышын реттеу үшін Өңдеу түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
6. Қажетті файл түрін таңдап, файлды сақтау немесе оның басқалармен ортақ пайдалану үшін
Сақтау немесе Ортақ пайдаланутүймесін басыңыз немесе түртіңіз.
KKWW HP HP Smart қолданбасы арқылы сканерлеу 51