User's Guide

HP принтер бағдарламалық құралы арқылы сканерлеу
Компьютерден сканерлеу
Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows)
Жаңа сканерлеу таңбашасын жасау (Windows)
Компьютерден сканерлеу
Компьютерден сканерлемес бұрын HP принтерінің ұсынылған бағдарламалық құралы
орнатылғандығын тексеріңіз
. Принтер мен компьютер жалғанған және қосулы болуы қажет.
Құжатты немесе фотосуретті файлға сканерлеу (Windows)
1. Құжатты беретін құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін жоғары қаратып салыңыз
немесе сканер әйнегінің бұрышындағы белгішеге жақын басып шығарылатын бетін төмен
қаратып салыңыз.
2. HP принтерінің бағдарламалық құралында (Start (Бастау) мәзірінде қолжетімді) Сканерлеу
пәрменін басыңыз, содан кейін Құжатты немесе фотосуретті сканерлеу пәрменін басыңыз.
3. Қажетті сканерлеу түрін таңдап, Сканерлеу түймесін басыңыз.
Құжатты (немесе фотосуретті) PDF файлы ретінде сақтау үшін PDF ретінде сақтау
параметрін таңдаңыз.
Құжатты (немесе фотосуретті) сурет файлы ретінде сақтау үшін JPEG ретінде сақтау
параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кез келген сканерлеу жұмыстары үшін параметрлерді қарау және өзгерту үшін
сканерлеу диалогтық терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы Қосымша сілтемесін басыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows) (53-бет) бөлімін
қараңыз.
Сканерлегеннен кейін көру құралын көрсету параметрі таңдалған болса, алдын ала қарап алу
экранында сканерленген суреттерге түзетулер жасай аласыз.
Құжатты немесе фотосуретті электрондық поштағ сканерлеу (Windows)
1. Құжатты беретін құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін жоғары қаратып салыңыз
немесе сканер әйнегінің бұрышындағы белгішеге жақын басып шығарылатын бетін төмен
қаратып салыңыз.
2. HP принтерінің бағдарламалық құралында (Start (Бастау) мәзірінде қолжетімді) Сканерлеу
пәрменін басыңыз, содан кейін Құжатты немесе фотосуретті сканерлеу пәрменін басыңыз.
3. Сканерде қолданылатын өңделетін мәтіннің түрін таңдап, Сканерлеу түймесін басыңыз.
Тіркеме ретіндегі сканерден өткізілген файлы бар электрондық пошта бағдарламасын ашу үшін
Электрондық хабар PDF ретінде не Электрондық хабар JPEG ретінде таңдаңыз.
52 4-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW