User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: Кез келген сканерлеу жұмыстары үшін параметрлерді қарау және өзгерту үшін
сканерлеу диалогтық терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы Қосымша сілтемесін басыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows) (53-бет) бөлімін
қараңыз.
Егер Сканерлегеннен кейін көру құралын көрсету параметрі таңдалса, алдын ала қарап алу
экранында сканерленген суреттерге түзетулер жасай аласыз.
Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows)
Сканерлеу параметрлерін бір реттік қолданыс үшін өзгертуге немесе өзгерістерді түпкілікті сақтауға
болады. Бұл параметрлер қағаз өлшемі мен бағыты, сканерлеу ажыратымдылығ, контраст пен
көшірме сақталатын қалта орны сияқты опцияларды қамтиды.
1. Құжатты беретін құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін жоғары қаратып салыңыз
немесе сканер әйнегінің бұрышындағы белгішеге жақын басып шығарылатын бетін төмен
қаратып салыңыз.
2. HP принтерінің бағдарламалық құралында (Start (Бастау) мәзірінде қолжетімді) Сканерлеу
пәрменін басыңыз, содан кейін Құжатты немесе фотосуретті сканерлеу пәрменін басыңыз.
3. HP Scan диалогтық терезесінің оң жақ жоғарғы бөлігіндегі Қосымша сілтемесін басыңыз.
Толық параметрлер тақтасы оң жақ бөлікте пайда болады. Сол жақ баған әр бөлімнің ағымдағы
параметрлерін жинайды. Оң жақ баған бөлектелген бөлімдегі параметрлерді өзгертуге мүмкіндік
береді.
4. Бөлімдегі параметрлерді қарап шығу үшін, толық параметрлер тақтасының сол жағындағы
бөлімді басыңыз.
Ашылмалы мәзірлерді пайдалана отырып, көптеген параметрлерді қарап шығуға және өзгертуге
болады.
Кейбір параметрлер жаңа тақтаны көрсету арқылы ыңғайлылықты ұсынады. Олар параметрдің
оң жағында + (қосу белгісімен) көрсетіледі. Қабылдау үшін OK түймесін басу немесе осы тақтаға
енгізілген барлық өзгертулерден бас тарту және егжей-тегжейлі параметрлер тақтасына оралу
үшін Cancel (Бас тарту) түймесін басу керек.
5. Параметрлерді өзгертіп болған кезде келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Сканерлеу түймесін басыңыз. Сканерлеу аяқталғаннан кейін таңбаша өзгерістерін сақтау
немесе қабылдамау сұралады.
Таңбашаның оң жағындағы сақтау белгішесін, кейін Сканерлеу түймесін басыңыз.
Жаңа сканерлеу таңбашасын жасау (Windows)
Сканерлеуді жеңілдету үшін, жеке сканерлеу таңбашасын жасауға болады. Мысалы, фотосуреттерді
көбіне JPEG пішімінде емес, PNG пішімінде сканерлеу және сақтау қажет болуы мүмкін.
1. Құжатты беретін құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін жоғары қаратып салыңыз
немесе сканер әйнегінің бұрышындағы белгішеге жақын басып шығарылатын бетін төмен
қаратып салыңыз.
2. HP принтерінің бағдарламалық құралында (Start (Бастау) мәзірінде қолжетімді) Сканерлеу
пәрменін басыңыз, содан кейін Құжатты немесе фотосуретті сканерлеу пәрменін басыңыз.
KKWW HP принтер бағдарламалық құралы арқылы сканерлеу 53