User's Guide

Факс жіберу
Жағдайға немесе қажеттілігіңізге байланысты факсты түрлі жолмен жіберіге болады.
Қалыпты факсты жіберу
Компьютерден стандартты факс жіберу
Факсты телефоннан жіберу
Мониторда теруді қолдану арқылы факс жіберу
Факсты принтер жадының көмегімен жіберу
Бірнеше алушыларға факс жіберу
Факсты қатені түзету күйінде жіберу
Қалыпты факсты жіберу
Принтердің басқару тақтасын қолдану арқылы бір немесе бірнеше ақ-қара және түсті факстарды оңай
жіберуге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Жалғыз бетті факстерді бастапқысын әйнекке қою арқылы жіберіңіз. Құжатты беру
құралын пайдалану арқылы бірнеше бетті факстерді жіберіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Факстардың сәтті жіберілгені туралы басып шығарылған растау қажет болса, факсты
растауды факстарды жібермес бұрын қосыңыз.
Принтердің басқару тақтасынан стандартты факс жіберу
1. Құжатты беретін құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін жоғары қаратып салыңыз
немесе сканер әйнегінің бұрышындағы белгішеге жақын басып шығарылатын бетін төмен
қаратып салыңыз.
2. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
3. Қазір жіберу түймесін түртіңіз.
4. Факс нөмірін енгізу белгішесін түртіңіз немесе ( Телефон кітапшасы ) белгішесін түртіңіз.
5. Пайда болатын пернетақта арқылы факс нөмірін енгізіңіз немесе телефон кітапшасындағы
контактіні немесе алдыңғы терілген не қабылданған нөмірді таңдаңыз.
КЕҢЕС: Енгізілетін факс нөміріне үзіліс қосу үшін, * түймесін дисплейде сызықша (-)
көрсетілгенше қайталай басыңыз.
6. Қара немесе Түсті түймесін басыңыз.
КЕҢЕС: Алушы жіберілген факстың сапасына қатысты мәселені хабарласа, факстың
ажыратымдылығын немесе контрастын өзгертіп көріңіз.
Компьютерден стандартты факс жіберу
Құжатты басып шығармай компьютерден тікелей факспен жіберуге болады.
KKWW Факс жіберу 59