User's Guide

Осы мүмкіндік пайдалану үшін HP принтерінің бағдарламалық құралы компьютерге орнатылғанын,
принтердің жұмыс істейтін телефон желісіне жалғанғанын, факс функциясының орнатылғанын және
дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын тексеріңіз.
Қалыпты факсті компьютер арқылы жіберу (Windows)
1. Факс жіберілетін компьютердегі құжатты ашыңыз.
2. Бағдарламалық құралдың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймешігін басыңыз.
3. Названиеты) тізімінен атауында «факс» делінген принтерді таңдаңыз.
4. Параметрлерді өзгерту үшін (мыс., құжатты қара түсті факс немесе түсті факс ретінде жіберуді
таңдау), Свойства (Сипаттар) тілқатысу терезесін ашатын түймешікті басыңыз. Бағдарламалық
құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции (Опциялар),
Установка принтера (Принтерді орнату), Принтер (Принтер) немесе Предпочтенияаңдаулы
параметрлер) деп аталуы мүмкін.
5. Параметрлерді өзгерткеннен кейін OK түймешігін басыңыз.
6. Печать (Басып шығару) немесе OK түймешігін басыңыз.
7. Алушы үшін факс нөмірін және басқа мәліметтерді енгізіп, факс үшін басқа да параметрлерді
өзгертіңіз және Отправить факс (Факс жіберу) түймешігін басыңыз. Принтер факс нөмірін теруді
және құжатты факс арқылы жіберуді бастайды.
Факсты телефоннан жіберу
Факсты қосымша телефонмен жіберуге болады. Бұл факсты жібермес бұрын алушымен сөйлесуге
мүмкіндік береді.
Факсты қосымша телефоннан жіберу
1. Құжатты беретін құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін жоғары қаратып салыңыз
немесе сканер әйнегінің бұрышындағы белгішеге жақын басып шығарылатын бетін төмен
қаратып салыңыз.
2. Принтерге қосылған телефондағы пернетақтаны қолдану арқылы нөмірді теріңіз.
Алушы телефон қоңырауына жауап берсе, алушыға факс сигналы естілгеннен кейін факс
құрылғысынан факсты қабылдауы тиіс екендігін хабарлаңыз. Қоңырауға факс құрылғысы жауап
берсе, факс құрылғысынан факстың дыбыстық сигналын естисіз.
3. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
4. Факс жіберу түймешігін басыңыз.
5. Факсты жіберуге дайын болған кезде Қара немесе Түсті түймесін басыңыз.
Факс берілімі кезінде факс сигналдарын естімейсіз. Осыдан кейін де алушымен сөйлескіңіз келсе,
толық жіберілгенге дейін желіде болыңыз. Алушымен сөйлесіп болсаңыз, факс жіберіліп бастаған
кезде телефон тұтқасын көтеруіңізге болады.
Мониторда теруді қолдану арқылы факс жіберу
Мониторда теру параметрін қолданып факс жіберу кезінде нөмірді теру, телефон дыбысын немесе
спикер арқылы басқа да дыбыстарды естисіз. Бұл теру кезінде ескертулерге жауап беру, сондай-ақ,
терудің жылдамдығын басқару мүмкіндіктерін қосады.
60 5-тарау Факс KKWW