User's Guide
Телефон кітапшасының контактілерін орнату
Жиі қолданылатын факс нөмірлерін телефон кітапшасының контактілері ретінде орнатуға болады.
Бұл принтердің басқару тақтасын пайдалану арқылы сол нөмірлерді жылдам теруге мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Принтердің басқару тақтасынан телефон кітапшасының контактілерін жасап және басқарып
қана қоймай, сондай-ақ принтермен және принтердің енгізілген веб-серверімен бірге берілген НР
бағдарламалық құралы сияқты компьютердегі қолжетімді құралдарды пайдалануға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін Принтерді басқарудың кеңейтілген құралдарын пайдалану (желілік
принтерлер үшін) (133-бет) бөлімін қараңыз.
●
Телефон кітапшасындағы контактіні жасау және өзгерту
●
Телефон кітапшасындағы топтық контактіні жасау және өзгерту
●
Телефон кітапшасының контактілерін жою
Телефон кітапшасындағы контактіні жасау және өзгерту
Факс нөмірлерін телефон кітапшасының контактілері ретінде сақтауға болады.
Телефон кітапшасының контактілерін орнату
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Phone Book (Телефон кітабы) түймесін түртіңіз.
3. Байланыстар түймесін түртіңіз.
4. Контактіні қосу үшін (Қосу белгісі) белгішесін түртіңіз.
5. Аты түймесін түртіп, телефон кітапшасы контактісінің атын теріңіз де, Дайын түймесін түртіңіз.
6. Number (Нөмір) түймесін түртіп, телефон кітапшасы контактісінің факс нөмірін теріңіз де, OK
түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Аймақ коды, жеке телефон станциясынан (PBX) тыс жерлердегі нөмірлер үшін рұқсат
коды (әдетте 9 немесе 0) немесе ұзақ арақашықтықтағы префикс сияқты басқа да қажетті
нөмірлерді немесе үзілістерді енгізгеніңізді тексеріңіз.
7. Қосу түймесін түртіңіз.
Телефон кітапшасының контактілерін өзгерту
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Phone Book (Телефон кітабы) түймесін түртіңіз.
3. Контактілер түймесін түртіңіз.
4. Өзгертілетін телефон кітапшасының контактісін түртіңіз.
5. Аты түймесін түртіп, телефон кітапшасы контактісінің атын өзгертіңіз де, Дайын түймесін түртіңіз.
6. Нөмір түймесін түртіп, телефон кітапшасы контактісінің факс нөмірін өзгертіңіз де, OK түймесін
түртіңіз.
70 5-тарау Факс KKWW










