User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: Аймақ коды, жеке телефон станциясынан (PBX) тыс жерлердегі нөмірлер үшін рұқсат
коды (әдетте 9 немесе 0) немесе ұзақ арақашықтықтағы префикс сияқты басқа да қажетті
нөмірлерді немесе үзілістерді енгізгеніңізді тексеріңіз.
7. Дайын түймешігін басыңыз.
Телефон кітапшасындағы топтық контактіні жасау және өзгерту
Факс нөмірлері тобын топтық телефон кітапшасының контактілері ретінде сақтауға болады.
Топтық телефон кітапшасының контактілерін орнату
ЕСКЕРТПЕ: Топтық телефон кітапшасының контактісін жасамас бұрын сізде кемінде бір телефон
кітапшасының контактісі жасаулы болуы қажет.
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Phone Bookелефон кітабы) түймесін түртіңіз.
3. Топ контактілері белгішесін түртіңіз.
4. Топты қосу үшін (Қосу белгісі) белгішесін түртіңіз.
5. Аты түймесін түртіп, топтың атауын теріңіз де, Дайын түймесін түртіңіз.
6. Нөмір түймесін түртіп, осы топқа қосылатын телефон кітапшасының контактілетін таңдаңыз да,
Таңдау түймесін түртіңіз.
7. Жасау түймесін түртіңіз.
Топтық телефон кітапшасының контактілерін өзгерту
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Phone Bookелефон кітабы) түймесін түртіңіз.
3. Топ контактілері белгішесін түртіңіз.
4. Өзгертілетін топтық телефон кітапшасының контактісін түртіңіз.
5. Аты түймесін түртіп, топтық телефон кітапшасы контактісінің атын өзгертіңіз де, Дайын түймесін
түртіңіз.
6. Нөмір түймесін түртіңіз.
7. Осы топтан жойылатын телефон кітапшасының контактілерін таңдамаңыз немесе контактіні
топқа қосу үшін
(Қосу белгісі) белгішесін түртіңіз.
8. Дайын түймешігін басыңыз.
Телефон кітапшасының контактілерін жою
Телефон кітапшасының контактілерін немесе топтық телефон кітапшасының контактілерін жоюға
болады.
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Phone Bookелефон кітабы) түймесін түртіңіз.
KKWW Телефон кітапшасының контактілерін орнату 71