User's Guide

Факс параметрлерін өзгерту
Принтермен бірге берілген жұмысты бастау нұсқаулығында қадамдарды орындауды аяқтағаннан
кейін, факс үшін бастапқы параметрлерді өзгерту немесе басқа параметрлерді теңшеу үшін келесі
қадамдарды орындаңыз.
Факс параметрлерін басқару
Факстың тақырыпшасын теңшеу
Жауап беру күйін (автоматты түрдегі жауап) орнату
Жауап бермес бұрын қоңыраулардың санын орнату
Арнайы қоңырау үшін қоңырауға жауап беру үлгісін өзгерту
Теру түрін орнату
Қайта теру параметрін орнату
Факс жылдамдығын орнату
Факс дыбысының деңгейін орнату
Факс параметрлерін басқару
HP принтерінің бағдарламалық құралынан қалаусыз факсты бұғаттау және жауап беру опциялары,
сонымен бірге факстар тарихын көру сияқты факс параметрлерін басқаруға болады.
Факс параметрлерін басқару үшін (Windows)
1. HP принтерінің бағдарламалық құралында (Start (Бастау) мәзірінде қолжетімді) терезенің
жоғарғы жағында Басып шығару, сканерлеу және факс параметрін басыңыз.
2. Fax (Факс) бөлімінде Manage Fax Settings (Факс параметрлерін басқару) пәрменін басыңыз.
3. Қажетті опцияларды басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Факстың тақырыпшасын теңшеу
Факстың тақырыпшасы жіберілетін әрбір факстың жоғарғы жағында атауды және факс нөмірін басып
шығарады. HP корпорациясы принтермен бірге берілген НР бағдарламалық құралын қолдану арқылы
факс тақырыпшасын орнатуды ұсынады. Осы жерде сипатталғандай принтердің басқару тақтасын
қолдану арқылы да факс тақырыпшасын орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір елдерде/аймақтарда факс тақырыпшасының мәліметтері заңмен талап етіледі.
Факс тақырыпшасын орнату немесе өзгерту
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Реттеу түймесін, одан кейін Басымдықтар басыңыз.
3. Заголовок факса (Факс тақырыбы) түймесін басыңыз.
4. Жеке немесе компания атын енгізіп, Дайын түймесін басыңыз.
5. Факс нөмірін енгізіп, OK түймесін түртіңіз.
KKWW Факс параметрлерін өзгерту 73