User's Guide

1 Телефон ұясы.
2 Параллель сплиттер.
3 DSL/ADSL сүзгісі.
4 Телефон сымын принтердің артындағы «1-LINE» деп таңбаланған портқа жалғаңыз.
Телефон сымын ел/аймақ адаптеріне қосу қажет болуы мүмкін.
5 DSL/ADSL модемі.
6 Компьютер.
7 Телефон.
ЕСКЕРТПЕ: Параллель сплиттерді сатып алу қажет. Параллель сплиттердің алдыңғы жағында бір
RJ-11 порты және артқы жағында екі RJ-11 порты бар. 2 сымды телефон сплиттерді, сериялық
сплиттерді немесе алдыңғы жағында екі RJ-11 порты бар және артқы жағында ашасы бар параллель
сплиттерді қолданбаңыз.
Cурет 5-10 Параллель сплиттердің мысалы
Принтерді компьютердің DSL/ADSL модемімен реттеу
1. DSL провайдерінен DSL сүзгісін алыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: DSL қызметімен бірдей телефон нөмірін ортақ пайдаланатын үй/кеңсе бөлмесінің
басқа бөліктеріндегі телефондарды дыбыстық қоңыраулар кезінде шуды шығармас үшін
қосымша DSL сүзгілеріне қосу қажет.
2. Телефон сымының бір ұшын DSL сүзгісіне жалғаңыз, содан соң екінші ұшын принтердің
артындағы «1-LINE» деп таңбаланған портқа жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Телефон сымын ел/аймақ адаптеріне қосу қажет болуы мүмкін.
90 5-тарау Факс KKWW