User's Guide
4 Принтердің артындағы «1-LINE» портына жалғанған телефон сымы.
Телефон сымын ел/аймақ адаптеріне қосу қажет болуы мүмкін.
5 DSL/ADSL модемі.
6 Компьютер.
7 Жауап беру құрылғысы.
8 Телефон (қосымша).
ЕСКЕРТПЕ: Параллель сплиттерді сатып алу қажет. Параллель сплиттердің алдыңғы жағында бір
RJ-11 порты және артқы жағында екі RJ-11 порты бар. 2 сымды телефон сплиттерді, сериялық
сплиттерді немесе алдыңғы жағында екі RJ-11 порты бар және артқы жағында ашасы бар параллель
сплиттерді қолданбаңыз.
Cурет 5-14 Параллель сплиттердің мысалы
Принтерді компьютердің DSL/ADSL модемімен реттеу
1. DSL/ADSL провайдерінен DSL/ADSL сүзгісін алыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: DSL/ADSL қызметімен бірдей телефон нөмірін ортақ пайдаланатын үй/кеңсе
бөлмесінің басқа бөліктеріндегі телефондарды дыбыстық қоңыраулар кезінде шуды шығармас
үшін қосымша DSL/ADSL сүзгілеріне қосу қажет.
2. Телефон сымының бір ұшын DSL/ADSL сүзгісіне жалғаңыз, содан соң екінші ұшын принтердің
артындағы «1-LINE» деп таңбаланған портқа жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Телефон сымын ел/аймақ адаптеріне қосу қажет болуы мүмкін.
3. DSL/ADSL сүзгісін сплиттерге қосыңыз.
4. Жауап беру құрылғысын телефон ұясынан ажыратып, оны принтердің артқы жағында
таңбаланған 2-EXT портына қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жауап беру құрылғысын принтерге тікелей қоспасаңыз, жіберілетін факс құрылғысы
шығаратын факс сигналдары жауап беру құрылғысына жазылуы мүмкін және принтер
факстарды қабылдай алмауы мүмкін.
5. DSL модемін параллель сплиттерге қосыңыз.
6. Параллель сплиттерді ұяға қосыңыз.
7. Жауап беру құрылғысын қоңыраулардың аз санынан кейін жауап беретін етіп орнатыңыз.
8. Принтердегі Жауап берілетін қоңыраулар параметрін принтер арқылы қолдау көрсетілетін
қоңыраулардың ең көп санына өзгертіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Ең үлкен қоңыраулардың саны елге/аймаққа байланысты әртүрлі болады.
9. Факсті тексеруді қосу.
Телефон қоңырау шалғанда, орнатылған қоңыраулардың санынан кейін жауап беру құрылғысы
жауап беріп, жазылған сәлемдесуді ойнатады. Принтер осы уақытта қоңырауды басқарады, факс
сигналдарын «тыңдайды». Кіріс факс сигналдары анықталған болса, принтер факсты қабылдау
KKWW Қосымша факсты орнату 95