User's Guide

Факс орнатылымын сынақтан өткізу
Принтердің күйін тексеру үшін және оның факспен жұмыс істеу үшін дұрыс орнатылғанын тексеру
үшін факс теңшелімінің сынағын жасауға болады. Принтерді факс аппараты үшін орнатуды
аяқтағаннан кейін осы сынақты орындаңыз. Сынақ келесі әрекеттерді орындайды:
Факстың аппараттық құралын сынақтан өткізу
Принтерге телефон сымының дұрыс түрі жалғанғанын тексеру
Телефон сымының дұрыс портқа жалғанын тексереді
Теру сигналын тексереді
Белсенді телефон желісін тексереді
Телефон желісінің байланыс күйін сынақтан өткізеді
Принтер сынақтың нәтижесі бар есепті басып шығарады. Сынақ орындалмаса, ақаулықты жою жолы
бойынша ақпараттың есебін қарап шығып, сынаққа қайтып оралыңыз.
Факс теңшелімін принтердің басқару тақтасы арқылы сынақтан өткізу
1. Арнайы үй немесе кеңсе теңшелімінің нұсқауларына сәйкес факспен жұмыс істеу үшін принтерді
орнатыңыз.
2. Картридждердің орнатылғанын және сынақты бастамас бұрын кіріс науасына толық өлшемдегі
қағаздың жүктелгенін тексеріңіз.
3. Экранның жоғарғы жағынан Құралдар тақтасын ашу үшін қойындыны түріп, төмен сүйреңіз де,
( Теңшеу ) түймесін түртіңіз.
4. Факсты орнату түймесін түртіңіз.
5. Құралдар түймесін басып, Выполнить проверку факса (Факсты сынақтан өткізуді іске қосу)
түймесін басыңыз.
Принтер сынақтың күйін дисплейде көрсетеді де, есепті басып шығарады.
6. Есепті қарап шығыңыз.
Сынақ орындалып, бірақ әлі де факспен жұмыс істеу кезінде ақаулықтар туындаса,
параметрлердің дұрыстығын растау үшін есепте тізімделген факс параметрлерін тексеріңіз.
Бос немесе дұрыс емес факс параметрі факспен жұмыс істеу кезінде ақаулар тудыруы
мүмкін.
Сынақ орындалмаса, табылған ақауларды жою жолы бойынша ақпарат алу үшін есепті
қараңыз.
98 5-тарау Факс KKWW