User's Guide
ЕСКЕРТПЕ: Жаңартулар қол жетімді болған кезде олар автоматты түрде жүктеледі және
орнатылады, содан соң принтер қайта іске қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: Прокси-параметрлеріне нұсқау берілсе және желіңіз прокси-параметрлерді
пайдаланса, прокси-серверлерді орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін желі әкімшісімен немесе желіні орнатқан адаммен байланысыңыз.
6. Принтер серверге қосылған кезде, принтер мәліметтер бетін басып шығарады. Орнатуды аяқтау
үшін ақпараттық беттегі нұсқауларды орындаңыз.
Веб-қызметтерді қолдану
Төмендегі бөлімде веб-қызметтерді пайдалану және конфигурациялау әдісі сипатталған.
●
HP ePrint
●
Басып шығару бағдарламалары
HP ePrint
HP ePrint мүмкіндігін пайдалану үшін келесіні орындаңыз:
● Интернет- және элекстрондық поштаға кіретін компьютер не мобильді құрылғы болуы қажет.
● Принтердегі веб-қызметтерді қосыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Веб-қызметтерді орнату
бөлімін қараңыз.
КЕҢЕС: HP ePrint параметрлерін басқару және конфигурациялау, сондай-ақ ең соңғы мүмкіндіктерді
үйрену туралы қосымша ақпарат алу үшін HP Connected (бұл сайт барлық елдерде/аймақтарда
қолданылмауы мүмкін) сайтын қараңыз.
Құжатты HP ePrint арқылы басып шығару
1. Компьютерде немесе мобильді құрылғыда электрондық пошта бағдарламасын ашыңыз.
2. Жаңа электрондық пошта хабарламасын жасап, басып шығарылатын файлды тіркеңіз.
3. «Кімге» жолына HP ePrint электрондық пошта мекенжайын енгізіп, электрондық пошта
хабарламасын жіберу үшін параметрді таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: «Кімге» немесе «Көшірме» өрістеріне қандай да бір қосымша электрондық пошта
мекенжайларын енгізбеңіз. Бірнеше электрондық пошта мекенжайлары болса, HP ePrint сервері
басып шығару жұмыстарын қабылдамайды.
HP ePrint электрондық пошта мекенжайын табу
1. Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп, төмен сүйреңіз, ( HP ePrint ) түймесін түртіңіз.
2. Print Info (Басып шығару мәліметтері) түймесін түртіңіз. Принтер принтер кодын және
электрондық пошта мекенжайын реттеу жолы туралы нұсқауларды қамтитын ақпараттық бетті
басып шығарады.
KKWW Веб-қызметтерді қолдану 101