User's Guide

HP ePrint құрылғысын өшіру үшін
1. Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп, төмен сүйреңіз, ( HP ePrint ) түймесін, одан кейін (Web Services Settings
(Веб-қызметтер параметрлері)) түймесін түртіңіз.
2. HP ePrint түймесін, одан кейін Өшірулі басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық веб-қызметтерін жою үшін Веб-қызметтерді жою бөлімін қараңыз.
Басып шығару бағдарламалары
Басып шығару бағдарламаларымен құжаттарды сандық түрде Интернет арқылы сканерлеуге және
сақтауға болады, сондай-ақ, мазмұнға қол жеткізуге және оны ортақ пайдалануға және көптеген басқа
әрекеттерді орындауға болады.
Басып шығару қолданбаларын пайдалану
1. Басты экранда Бағдарламалар түймесін түртіңіз.
2. Қолданылатын басып шығару қолданбасын түртіңіз.
КЕҢЕС:
Жеке басып шығару бағдарламалары мен қашықтан басқарылатын басып шығару
бағдарламаларын қосу, конфигурациялау немесе жою үшін, HP Connected (www.hpconnected.com)
сайтына өтіңіз. Бұл сайт барлық елдерде/аймақтарда қолданылмауы мүмкін.
Сондай-ақ, басып шығару бағдарламаларын енгізілген веб-серверден (EWS) өшіруге болады.
Осылай жасау үшін EWS серверін ашыңыз (Енгізілген веб-сервер (EWS)бөлімін қараңыз), Web
Services (Веб-қызметтер) жиекбелгісін басып, параметрді ажыратыңыз немесе Settings
(Параметрлер) қойындысын нұқып, қажетті опцияны Administrator Settings (Әкімші
параметрлері) бетінен таңдаңыз.
Веб-қызметтерді жою
Веб-қызметтерді алып тастау үшін келесі нұсқауларды пайдаланыңыз.
Принтердің басқару тақтасын пайдаланып веб-қызметтерін алып тастау
1. Экранның жоғарғы жағынан Құралдар тақтасын ашу үшін қойындыны түріп, ( HP ePrint )
түртіңіз де, (Web Services Settings (Веб-қызметтер параметрлері)) түймесін түртіңіз.
2. Удалить веб-службы (Веб-қызметтерді алып тастау) түймесін басыңыз.
Кірістірілген веб-серверді пайдалану арқылы веб-қызметті алып тастау
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-сервер (EWS)
бөлімін қараңыз.
2. Веб-службы (Веб-қызметтер) қойындысын басып, Параметры веб-служб (Веб-қызметтер
параметрлері) бөліміндегі Удалить веб-службы (Веб-қызметтерді алып тастау) түймесін
басыңыз.
3. Удалить веб-службы (Веб-қызметтерді алып тастау) түймесін басыңыз.
4. Принтерден веб-қызметтерді алып тастау үшін Да (Иә) түймесін басыңыз.
102 6-тарау Веб-қызметтер KKWW