User's Guide
ЕСКЕРТУ: HP компаниясы басып шығару мәселелері мен сияны артық пайдалану немесе сияға зақым
келу ықтималдығының алдын алу мүмкін болған кезде кез келген жоқ картриджді дереу ауыстыруды
ұсынады . Картридждері жоқ кезде принтерді қосуға болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл принтер үздіксіз сия жүйелерін пайдалануға арналмаған. Басып шығаруды
жалғастыру үшін үздіксіз сия жүйесін жойып, түпнұсқалық HP (немесе үйлесімді) картридждерін
орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл принтер босағанша пайдаланылатын сия картридждеріне арналған. Қолданудан
бұрын картридждерді қайта толтыру принтерде ақау пайда болуына себеп болуы мүмкін. Бұл орын
алса, басып шығаруды жалғастыру үшін жаңа картридж (түпнұсқалық HP немесе үйлесімді) салыңыз.
Байланысты тақырыптар
● Анықталған сия деңгейлерін тексеру
Анықталған сия деңгейлерін тексеру
Принтер бағдарламалық құралынан немесе принтерді басқару тақтасынан бағаланған сия деңгейлерін
тексеруіңізге болады.
Анықталған сия деңгейлерін принтер басқару тақтасынан тексеру
▲ Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп, төмен сүйреңіз де, болжалған сия деңгейлерін тексеру үшін, (Ink (Сия))
түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана
бағалауларды береді. Төмен сия туралы ескерту хабарламасын алған кезде, ықтимал басып шығару
кешігулерін болдырмау үшін ауыстыратын картридждің болуын қарастырыңыз. Орындау
сұралмайынша картридждерді ауыстырудың қажеті жоқ.
ЕСКЕРТПЕ: Қайта толтырылған немесе қайта шығарылған картриджді немесе басқа принтерде
қолданылған картриджді орнатқан болсаңыз, сия көрсеткіші мұқият емес немесе қол жетімсіз болуы
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Картридждердегі сия әртүрлі әдістегі басып шығару үрдісінде қолданылады, олар басып
шығаруға принтер мен картриджді дайындайтын бастапқы күйді және принтер қондырмасының таза
болуын және сияның тегіс ағуын қамтамасыз ететін басып шығару механизмінің қызметін қамтиды.
Қосымша, қалдық сия қолданылғаннан кейін картриджда қалып қояды. Қосымша ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/inkusage бөлімін қараңыз.
Картридждерді ауыстыру
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланылған сия жабдықтарын қайта пайдалану туралы ақпаратты алу үшін HP сия
жабдықтарын қайта өңдеу бағдарламасы бөлімін қараңыз.
Принтер үшін ауыстырылатын картридждер әлі де болмаса, Картридждерге тапсырыс беру бөлімін
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қазіргі уақытта HP веб-сайттарының кейбір бөлігі тек қана ағылшын тілінде қол жетімді.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық картридждар барлық елдерде/аймақтарда қол жетімді болмайды.
104 7-тарау Сия картридждерімен жұмыс істеу KKWW