User's Guide

Желі параметрлерін өзгерту
Принтердің басқару тақтасынан принтердің сымсыз байланысын орнатып және басқаруға, сондай-ақ
әр түрлі желі басқару тапсырмаларын орындауға болады. Оның құрамына желі параметрлерін қарау
және өзгерту, желінің әдепкі параметрлерін қалпына келтіру және сымсыз байланыс функциясын қосу
не өшіру кіреді.
ЕСКЕРТУ: Желі параметрлері ыңғайлылық үшін беріледі. Дегенмен, жетілдірілген пайдаланушы
болмасаңыз, осы параметрлердің кейбірін (мыс., байланыс жылдамдығы, IP параметрлері, әдепкі
шлюз және желіаралық қалқан параметрлері) өзгертудің қажеті жоқ.
Желі параметрлерін басып шығару
Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп
, төмен сүйреңіз. Желі күйі экранын көрсету үшін (Сымсыз) немесе
(Ethernet) түймесін түртіңіз. Желі конфигурациясының бетін басып шығару үшін Мәліметтерді
басып шығару тармағын түртіңіз.
Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіңіз немесе төмен сырғытыңыз
, содан соң ( Теңшеу ) түймесін түртіп, Есептер
түймесін және содан соң Network Conguration Page (Желіні конфигурациялау беті) түймесін
түртіңіз.
Байланыс жылдамдығын орнату
Деректердің желі арқылы тасымалдану жылдамдығын өзгерте аласыз. Әдепкі мәні: Aвтоматический
(Автоматты).
1. Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп, төмен сүйреңіз, ( Теңшеу ) түймесін, одан кейін Network Setup (Желіні
орнату) түймесін түртіңіз.
2. Ethernet параметрелрі түймесін түртіңіз.
3. Кеңейтілген параметрлер тармағын таңдаңыз.
4. Байланыс жылдамдығы түймесін түртіңіз.
5. Желінің аппараттық құралына сәйкес келетін тиісті опцияны түртіңіз.
IP параметрлерін өзгерту
IP параметріне арналған әдепкі IP параметрі IP параметрлерін автоматты түрде орнататын
автоматически (автоматты) күйі болады. Кеңейтілген пайдаланушы болсаңыз және басқа
параметрлерді пайдаланғыңыз келсе (мысалы, IP мекенжайы, бағыныңқы желі маскасы немесе әдепкі
шлюз) қолмен өзгертуге болады.
КЕҢЕС: Қолмен IP мекенжайын орнатпастан бұрын алдымен принтерді автоматты режим арқылы
желіге қосу ұсынылады. Бұл маршрутизаторға принтерді қосалқы желі маскасы, әдепкі шлюз және
DNS мекенжайы сияқты басқа қажетті параметрлермен конфигурациялауға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТУ: IP мекенжайын қолмен тағайындаған кезде абай болыңыз. Орнатылым кезінде дұрыс емес
IP мекенжайын енгізген болсаңыз, желінің құрамдас бөліктері принтерге қосылмауы мүмкін.
112 8-тарау Желі орнату KKWW