User's Guide

1. Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп, төмен сүйреңіз, ( Теңшеу ) түймесін, одан кейін Network Setup (Желіні
орнату) түймесін түртіңіз.
2. Ethernet параметрлері немесе Сымсыз байланыс параметрелрі түймесін түртіңіз.
3. Дополнительные параметры (Қосымша параметрлер) түймешігігін түртіңіз.
4. IP параметрлері түймесін түртіңіз.
5. IP мекенжайын өзгерту принтерді желіден алып тастайды деген ескерту хабарламасы
көрсетіледі. Жалғастыру үшін OK түймесін басыңыз.
6. Параметрлерді қолмен өзгерту үшін Manual (Static) (Қолмен (статикалық) параметрін түртіп,
келесі параметрлер үшін сәйкес мәліметтерді енгізіңіз:
IP мекенжайы
Бағыныңқы желі маскасы
Әдепкі шлюз
DNS мекенжайы
7. Өзгертулерді енгізіп, Дайын түймесін басыңыз.
8. OK түймесін түртіңіз.
Wi-Fi Direct пайдалану
Бұрыннан бар сымсыз желіге қосылмай-ақ, Wi-Fi Direct арқылы компьютерден, смартфоннан,
планшеттен немесе сымсыз жұмыс істейтін құрылғыдан сымсыз түрде басып шығара аласыз.
Wi-Fi Direct құрылғысын пайдалану нұсқаулықтары
Компьютеріңіздің немесе мобильді құрылғыңыздың қажетті бағдарламалық құралы бар екенін
тексеріңіз:
Егер компьютер қолданып жатқан болсаңыз, НР принтер бағдарлама жасақтамасы
орнатылғанын тексеріңіз.
Егер HP принтерінің бағдарламалық құралы компьютерге орнатылмаған болса, алдымен Wi-
Fi Direct байланысын қосып, принтердің бағдарламалық құралын орнатыңыз. Принтердің
бағдарламалық құралы байланыс түрін сұраған кезде Сымсыз параметрін таңдаңыз.
Егер мобильді құрылғы пайдаланып жатқан болсаңыз, үйлесімді басып шығару
бағдарламасын орнатқаныңызды тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін www.hp.com/go/
mobileprinting HP мобильді басып шығару веб-сайтына кіріңіз. Осы веб-сайттың жергілікті
нұсқасы еліңізде/аймағыңызда немесе тіліңізде қол жетімді болмаса, басқа елдегі/
аймақтағы немесе тілдегі HP мобильді басып шығару веб-сайтына бағытталған болуыңыз
мүмкін.
Принтердің Wi-Fi Direct параметрі қосылғандығын тексеріңіз.
Барлығы бес компьютер мен мобильді құрылғы бір Wi-Fi Direct байланысын пайдалана алады.
Сондай-ақ, принтер USB кабелін пайдаланатын компьютерге немесе сымсыз байланыс арқылы
желіге қосылып тұрғанда Wi-Fi Direct пайдалануға болады.
Wi-Fi Direct интернетке компьютерді, мобильді құрылғыны немесе принтерді қоса алмайды.
KKWW Wi-Fi Direct пайдалану 113