User's Guide
Wi-Fi Direct құрылғысын қосу үшін
1. Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп, төмен сүйреңіз, (Wi-Fi Direct) түймесін түртіңіз.
2. ( Параметрлер ) түймесін түртіңіз.
3. Егер дисплей Wi-Fi Direct мүмкіндігі Өшірулі болса, Wi-Fi Direct тармағын түртіңіз де, оны
қосыңыз.
КЕҢЕС: Wi-Fi Direct мүмкіндігін енгізілген веб-серверден қосуға болады. EWS серверін пайдалану
туралы қосымша ақпаратты Енгізілген веб-сервер (EWS) бөлімінен қараңыз.
Байланыс әдісін өзгерту
1. Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп
, төмен сүйреңіз, (Wi-Fi Direct) түймесін түртіңіз.
2. ( Параметрлер ) түймесін түртіңіз.
3. Connection Method (Қосылым әдісі) түймесін түртіп, одан кейін Automatic (Автоматты) немесе
Manual (Қолмен) тармағын таңдаңыз.
● Принтерде Wi-Fi Direct қызметін орнату кезінде Automatic (Автоматты) параметрі таңдалған
болса, ұялы құрылғы автоматты түрде принтерге қосылады.
● Принтерде Wi-Fi Direct қызметін орнату кезінде Manual (Қолмен) таңдалатын болса, принтер
дисплейінде қосылым туралы ескертіледі немесе ұялы құрылғыда принтердің PIN кодын
енгізіңіз. PIN код қосылым әрекеті жасалған кезде принтермен беріледі.
Wi-Fi Direct қолдайтын сымсыз жұмыс істейтін мобильді құрылғыдан басып шығару
Мобильді құрылғыңызда HP басып шығару қызметінің қосылатын модулінің соңғы нұсқасы
орнатылғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Мобильді құрылғыңыз Wi-Fi байланысын қолдамаса, Wi-Fi Direct мүмкіндігін пайдалану
мүмкін емес.
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Мобильді құрылғыңызда Wi-Fi Direct мүмкіндігін қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді
құрылғымен бірге берілген құжаттан қараңыз.
3. Мобильді құрылғыңыздан басып шығару функциясы қосулы бағдарламадан құжатты таңдаңыз
да, құжатты басып шығару үшін опцияны таңдаңыз.
Қолжетімді принтерлер тізімі шығады.
4. Қолжетімді принтерлер тізімі арасынан DIRECT-**-HP OiceJet Pro 7730 секілді көрсетілген Wi-Fi
Direct атауын таңдаңыз (бұнда ** сіздің принтеріңізді анықтайтын бірегей таңба), содан кейін
принтеріңіз бен мобильді құрылғыңыздың экранында көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
5. Құжатты басып шығарыңыз.
114 8-тарау Желі орнату KKWW