User's Guide
Wi-Fi Direct мүмкіндігін қолданбайтын сымсыз жұмыс істейтін мобильді құрылғыдан басып шығару
Мобильді құрылғыңызға үйлесімді басып шығару бағдарламасын орнатқаныңызды тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз www.hp.com/global/us/en/eprint/
mobile_printing_apps.html.
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Мобильді құрылғыдағы Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді құрылғымен
бірге берілген құжаттан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Мобильді құрылғыңыз Wi-Fi байланысын қолдамаса, Wi-Fi Direct мүмкіндігін
пайдалану мүмкін емес.
3. Мобильді құрылғыдан жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу
нүктесіне қосылу үшін пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. DIRECT-**-HP OiceJet Pro 7730
сияқты көрсетілген сымсыз желілер тізімінен Wi-Fi Direct атауын таңдаңыз (бұл жердегі **
принтерді анықтау үшін берілген бірегей таңбалар болып табылады).
Сұралған болса, Wi-Fi Direct құпиясөзін енгізіңіз.
4. Құжатты басып шығарыңыз.
Сымсыз жұмыс істейтін компьютерден басып шығару (Windows)
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Компьютердің Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты компьютерде берілген құжаттан
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіз Wi-Fi байланысын қолдамайтын болса, Wi-Fi Direct мүмкіндігін
пайдалану мүмкін емес.
3. Компьютерден жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу нүктесіне
қосылу үшін пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. DIRECT-**-HP OiceJet Pro 7730 сияқты
көрсетілген сымсыз желілер тізімінен Wi-Fi Direct атауын таңдаңыз (бұл жердегі ** принтерді
анықтау үшін берілген бірегей таңбалар болып табылады).
4. Сұралған кезде Wi-Fi Direct құпиясөзін енгізіңіз.
5. Егер принтер орнатылып сымсыз желі арқылы компьютерге қосылған болса, 5 қадамға өтіңіз.
Егер принтер орнатылып компьютерге USB кабелі арқылы қосылған болса, Wi-Fi Direct
қосылымын пайдаланатын принтер бағдарламалық құралы орнату үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
а. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің
бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) бөлімін қараңыз.
ә. Tools (Құралдар) түймесін басыңыз.
б. Device Setup & Software (Принтер параметрі және бағдарламалық құрылғыны
орнату) түймесін басып, Connect a new device (Жаңа құрылғы қосу) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: USB арқылы бұрыннан орнатылған принтер болса және оны Wi-Fi Direct түріне
түрлендіру қаласаңыз, Convert a USB connected printer to wireless (USB арқылы қосылған
принтерді сымсыз түрге түрлендіру) параметрін таңдамаңыз.
в. Connection Options (Байланыс параметрлері) экраны пайда болған кезде, Wireless (Сымсыз)
параметрін таңдаңыз.
KKWW Wi-Fi Direct пайдалану 115