User's Guide
9 Принтердің басқару құралдары
Осы бөлімде төмендегідей тақырыптар бар:
●
Құралдар жиыны (Windows)
●
HP утилитасы (OS X және macOS)
●
Енгізілген веб-сервер (EWS)
Құралдар жиыны (Windows)
Құралдар жинағы принтерге күтім көрсету туралы мәліметтерді береді.
Құралдар жинағын ашу
1. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің
бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) бөлімін қараңыз.
2. Басып шығару, сканерлеу және факс түймесін басыңыз.
3. Принтерге күтім жасау түймесін басыңыз.
HP утилитасы (OS X және macOS)
HP қызметтік бағдарламасы принтер параметрлерін теңшейтін, принтерді теңшейтін, желіде
жабдықтарға тапсырыс жасайтын және веб-тораптың қолдау көрсететін мәліметтерін табатын
құралдарды қамтиды.
ЕСКЕРТПЕ: НР қызметтік бағдарламаларында қол жетімді мүмкіндіктер таңдалған принтерге
байланысты әртүрлі болады.
Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана анықтауларды береді.
Индикатор төмен сия деңгейлерін көрсеткенде, ықтимал басып шығару кешігулерін болдырмау үшін
ауыстыратын сия картриджінің болуын қарастырыңыз. Басып шығару сапасы жарамсыз болмайынша
сия картридждерін ауыстырудың қажеті жоқ.
Қатты дискінің жоғарғы деңгейіндегі Бағдарламалар қалтасының HP қалтасында орналасқан НР
утилитасын екі рет басыңыз.
Енгізілген веб-сервер (EWS)
Принтер желіге қосылған кезде, күй туралы ақпаратты көру, параметрлерді өзгерту және оны
компьютерден басқару үшін принтердің енгізілген веб-серверін (EWS) пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір параметрлерді қарап шығу немесе өзгерту үшін, сізге құпия сөз қажет болуы
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Интернетке байланыс болмаса да, енгізілген веб-серверді ашуға және пайдалануға
болады. Дегенмен, кейбір мүмкіндіктер қолданыста болмайды.
Осы бөлімде төмендегідей тақырыптар бар:
●
«Сookie» файлдары туралы
KKWW Құралдар жиыны (Windows) 117