User's Guide

6. Құжатты беретін құрал науасын төмен түсіріңіз.
7. Тексеру үшін сканер қақпағын көтеріңіз, қағаз кептелісі болса, оны шығарып алыңыз.
Принтер кареткасының кептелісін тазалау
Принтер кареткасы
кептелісінің ақауын жою
HP ақауды онлайн жою шеберін пайдаланыңыз.
Егер бір нәрсе принтер кареткасына кедергі келтіріп тұрса немесе ол оңай жылжымаса,
қадамдық нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP ақауды онлайн жою шеберлері барлық тілдерде қол жетімді болмауы мүмкін.
Басып шығару кареткасының кептелулерін тазалау үшін Анықтамадағы жалпы
нұсқауларды оқу
Принтер кареткасын бітеп тұрған қағаз сияқты кез келген нысанды алып тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кептелген қағазды алып тастау үшін кез келген құралды немесе басқа құрылғыларды
пайдаланбаңыз. Принтер ішінен кептелген қағазды алғанда әрқашан сақ болыңыз.
Қағаз кептелістерін болдырмау әдісі
Қағаз кептелістерінен құтылу мақсатында көмек алу үшін осы нұсқауларды орындаңыз.
Басып шығарылған қағаздарды жайлап шығыс науасынан алып тастаңыз.
Басып шығару үшін мыжылған, бүгілген немесе зақымдалған қағазды пайдаланып
жатпағаныңызды тексеріңіз.
Бұратылуды немесе мыжытуды болдырмау үшін барлық қолданылмаған қағазды тегіс жабық
қалтада сақтаңыз.
Принтер үшін тым қалың немесе тым жұқа қағазды қолданбаңыз.
Науалардың дұрыс жүктелгенін және тым көп жүктелмегенін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу
үшін Қағазды салу бөлімін қараңыз.
Кіріс науасына жүктелген қағаздардың тегіс орналасуын және ұштары бүгілмеуін не
жыртылмауын қамтамасыз етіңіз.
Құжатты беретін құралдың науасына тым көп қағаз салмаңыз. Құжатты беретін құралға салуға
болатын ең үлкен парақ саны туралы қосымша ақпаратты Техникалық сипаттамасы бөлімінен
қараңыз.
Кіріс науасындағы әртүрлі қағаз түрлерін және қағаз өлшемдерін араластырмаңыз; кіріс
науасындағы қағаздың барлығы бірдей өлшемде және түрде болуы қажет.
126 10-тарау Мәселені шешу KKWW