User's Guide

Қағаз енін бағыттауыштарын салып жатқан қағаз өлшемі үшін науадағы дұрыс белгіге
орнатыңыз. Қағаз енін бағыттауыштарының жиынтық үшін ыңғайлы, бірақ нығыз еместігін
тексеріңіз.
Қағаз дестесі кіріс науасының төменгі бөлігіндегі тиісті қағаз өлшеміне арналған
сызықтармен тураланғанын және науаның қапталында бір немесе бірнеше белгімен
көрсетілген десте биіктігінен немесе кіріс науасының қағаз енін бағыттауыштан
аспайтындығын тексеріңіз.
Науаға тым көп қағаз жүктелмегенін тексеріңіз.
Жақсы әрі тиімді жұмыс істеу үшін HP қағазын пайдаланыңыз.
Басып шығару ақаулары
Не істегіңіз келеді?
Мәселелерді басып шығарылмайтын (басып шығару келмейтін) қағазбен
түзету
HP Print and Scan Doctor HP Print and Scan Doctor - ақауды автоматты диагностикадан өткізіп және түзетіп
көретін утилита.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл қызметтік бағдарлама тек Windows операциялық жүйесіне арналған.
Басып шығарылмайтын басып
шығару жұмыстары мәселелерін
шешіңіз.
HP ақауды онлайн жою шеберін пайдаланыңыз.
Принтер жауап бермесе немесе басып шығармаса, қадамдық нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP Print and Scan Doctor және HP ақауды онлайн жою шеберлері барлық тілдерде қол
жетімді болмауы мүмкін.
Басып шығару ақаулары үшін Анықтамадағы жалпы нұсқауларды оқу
Басып шығару кезіндегі ақауларды жою (Windows)
Принтердің қосылып тұрғанын және науаға қағаз салынғанын тексеріңіз. Егер әлі басып шығару
мүмкін болмаса, төмендегі әрекеттерді мына кезекте орындаңыз:
1. Принтер дисплейінен қате туралы хабарларды тексеріп және оларды экрандағы нұсқауларға
қарап шешіңіз.
2. Егер принтерге компьютер USB кабелі арқылы қосылса, USB кабелін өшіріп және қайта қосыңыз.
Егер принтерге кмпьютер сымсыз байланыс арқылы қосылса, байланыс жұмыс істеп тұрғанын
тексеріңіз.
3. Принтер тоқтатылмағанын немесе желіге қосылмағанын растаңыз.
Принтер тоқтатылмағанын немесе желіге қосылмағанын растау
а. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
128 10-тарау Мәселені шешу KKWW