User's Guide

iii. Принтердегі спулер қызметін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Сипаттар
түймешігін басыңыз.
iv. Жалпы қойындысындағы Іске қосу түрі параметрінің жанында Автоматты параметрі
таңдалғанына көз жеткізіңіз.
v. Қызмет іске қосылмаған болса, Қызмет күйі астындағы Бастау түймешігін басыңыз,
кейін OK түймешігін басыңыз.
Windows XP
i. Windows жүйсіндегі Бастау мәзіріндегі Менің компьютерім қалтасын тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басыңыз
.
ii. Басқару түймешігін басып, Қызметтер және бағдарламалар түймешігін басыңыз.
iii. Қызметтер түймешігін екі рет басып, Принтердегі спулер бағдарламасын таңдаңыз.
iv. Принтердегі спулер бағдарламасын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, қызметті
қайта іске қосу үшін Қайта іске қосу түймешігін басыңыз.
ә. Әдепкі принтер ретінде дұрыс принтер орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Әдепкі принтердің жанында қара немесе жасыл дөңгелекке белгі қойылған.
б. Басқа принтер әдепкі принтер ретінде орнатылса, дұрыс принтерді тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басыңыз және Әдепкі принтер ретінде орнату пәрменін таңдаңыз.
в. Принтерді қайтадан қолданып көріңіз.
6. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
7. Басып шығару кезегін тазалаңыз.
Басып шығару кезегін тазалау
а. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Windows 10: Windows жүйесінің Бастау мәзірінен қолданбалар тізіміндегі Windows
жүйесі тармағын таңдап, Басқару тақтасы тармағын таңдаңыз, содан соң Аппараттық
құрал мен дыбыс бөліміндегі Құрылғылар мен принтерлерді көру түймесін басыңыз.
Windows 8.1 және Windows 8: Шебер түймелер тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы
оң жақ бұрышына меңзеңіз немесе түртіңіз, Параметрлер белгішесін басыңыз, Басқару
тақтасын басыңыз немесе түртіңіз, содан соң Құрылғылар мен принтерлерді қарау
тақтасын басыңыз немесе түртіңіз.
Windows 7: Windows жүйесінің Пускастау) мәзірінен Устройства и принтеры
(Құрылғылар және принтерлер) пәрменін басыңыз
Windows Vista: Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мәзіріндегі Панель управления
(Басқару тақтасы) параметрін басып, Принтеры (Принтерлер) түймешігін басыңыз.
Windows XP: Windows жүйесіндегі Пускастау), Панель управления (Басқару тақтасы),
Принтеры и факсы (Принтерлер және факстар) тармақтарын таңдаңыз.
ә. Басып шығару кезегін ашу үшін принтер белгішесін екі рет басыңыз.
б. Принтер мәзірінде Отменить все документыарлық құжаттарды болдырмау) немесе
Очистить печать документааспа құжатын тазарту) тармағын таңдап, растау үшін Да (Иә)
түймешігін басыңыз.
KKWW Басып шығару ақаулары 131