User's Guide
Басып шығару сапасын жақсарту (OS X және macOS)
1. Түпнұсқалық HP картридждарын пайдаланып отырғаныңызға көз жеткізіңіз.
2. Қағаз түрін тексеріңіз.
Ең жақсы басып шығару сапасына қол жеткізу үшін, жоғары сапалы HP қағазын немесе ColorLok®
стандартына сай келетін қағаздарды пайдаланыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Қағаз негіздері
бөлімін қараңыз.
Әрқашан басып шығарып жатқан қағаздың тегіс екенін тексеріңіз. Суреттерді басып шығарғанда
жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін HP жетілдірілген фотосурет қағазын пайдаланыңыз.
Арнайы қағазды өз бумасында, жабық полиэтилен қалтасының ішіне салып, салқын, құрғақ, тегіс
жерде сақтаңыз. Басып шығаруға дайын болғанда пайдалануды жоспарлаған қағазды ғана
дереу шығарып алыңыз. Басып шығаруды аяқтағанда қолданылмаған фотосурет қағазын
полиэтилен қалтасына салып қойыңыз. Бұл фотосурет қағазының шиыршықталып қалмауына
мүмкіндік береді.
3. Басып шығару диалогтық терезесінен сәйкес қағаз түрін және басып шығару сапасын
таңдағаныңызға көз жеткізіңіз.
4. Анықталған сия деңгейлерін картридждарда сияның аз екенін анықтау үшін тексеріңіз.
Принтер картридждарының сиясы біткенде оларды ауыстыру туралы қарастырыңыз.
5. Басып шығару механизмін туралаңыз.
Бағдарламалық құралдан басып шығару механизмін түзету
а. Кіріс науасына Хат немесе A4 пішімді кәдімгі ақ қағаз салыңыз.
ә. HP утилитасы ашыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP қызметті бағдарламасы НР қалтасында, Applications (Бағдарламалар)
қалтасында орналасқан.
б. Принтердің сол жағындағы құрылғылар тізімінен таңдаңыз.
в. Туралау түймешігін басыңыз.
г. Align (Туралау) түймешігін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ғ. Ақпарат және қолдау көрсету аймағына қайта оралу үшін Барлық параметрлер түймешігін
басыңыз.
6. Сынақ бетін басып шығарыңыз.
Сынақ бетін басып шығару үшін
а. Кіріс науасына Хат немесе A4 пішімді кәдімгі ақ қағаз салыңыз.
ә. HP утилитасы ашыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP қызметті бағдарламасы НР қалтасында, Applications (Бағдарламалар)
қалтасында орналасқан.
б. Принтердің сол жағындағы құрылғылар тізімінен таңдаңыз.
KKWW Басып шығару ақаулары 135