User's Guide

Сымсыз параметрлерді тексеру үшін HP Print and Scan Doctor ашыңыз, жоғарыдағы Network (Желі)
қойындысын нұқыңыз, Show Advanced Info (Қосымша мәліметтерді көрсету) пәрменін таңдап, Show
Wireless Info (Сымсыз мәліметтерді көрсету) түймесін таңдаңыз. Жоғарыдағы Network (Желі)
қойындысын нұқу және Open router web page (Маршрутизатор веб-бетін ашу) арқылы сымсыз
параметрлерді табуға болады.
HP ақауды онлайн
жою шеберін
пайдалану
Желі атауын (SSID) және сымсыз құпиясөзді табу әдісін үйреніңіз.
ЕСКЕРТПЕ: HP Print and Scan Doctor және HP ақауды онлайн жою шеберлері барлық тілдерде қол
жетімді болмауы мүмкін.
Wi-Fi Direct байланысын түзету
HP ақауды онлайн жою шеберін пайдалану Wi-Fi Direct мәселесін шешіңіз немесе Wi-Fi Direct конфигурациялауды үйреніңіз.
ЕСКЕРТПЕ: HP ақауды онлайн жою шеберлері барлық тілдерде қол жетімді болмауы мүмкін.
Wi-Fi Direct ақауын жою үшін Анықтамадағы жалпы нұсқауларды оқу
1. Wi-Fi Direct қосылғанын растау үшін принтерді тексеріңіз:
Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп, төмен сүйреңіз, (Wi-Fi Direct) түймесін түртіңіз.
2. Сымсыз компьютерде немесе ұялы құрылғыда Wi-Fi байланысын қосыңыз, кейін принтеріңіздің
Wi-Fi Direct атауын іздеп, қосылыңыз.
3. Сұралған болса, Wi-Fi Direct құпиясөзін енгізіңіз.
4. Егер мобильді құрылғы пайдаланып жатқан болсаңыз, үйлесімді басып шығару бағдарламасын
орнатқаныңызды тексеріңіз. Мобильді басып шығару туралы қосымша ақпарат алу үшін мына
сайтқа кіріңіз www.hp.com/global/us/en/eprint/mobile_printing_apps.html.
Ethernet байланысын түзету
Келесіні тексеріңіз:
Желі жұмыс істейді және желі хабы, қосқышы немесе маршрутизатор қосылған.
Ethernet кабелі принтер мен маршрутизатор арасында дұрыс жалғанған. Ethernet кабелі
принтердегі Ethernet портына жалғанған және қосылған кезде қосқыш жанындағы шам жанады.
Антивирус бағдарламалары, оның ішінде тыңшылық бағдарламаны қорғау бағдарламалары
принтердің желі қосылымына әсер етпейді. Антивирус немесе брандмауэр бағдарламалық
құралы компьютердің принтерге жалғануына тыйым салса, мәселені шешуге көмектесу үшін HP
онлайн брандмауэр ақауларын жою құралын пайдаланыңыз.
HP Print and Scan Doctor
Ақауды автоматты түрде жою үшін HP Print and Scan Doctor құралын іске қосыңыз. Қызметтік
бағдарламалар ақауларды диагностикадан өткізіп және түзетіп көреді. HP Print and Scan Doctor
барлық тілдерде қол жетімді болмауы мүмкін.
KKWW Желі және байланыс ақаулары 147