User's Guide

Сымсыз байланысты тексеру есебі
Сымсыз сынақ есебін басып шығарған кезде сынақтардың кейбірі принтердің сымсыз қосылымының
әртүрлі жағдайларын тексеру үшін іске қосылады. Есеп сынақтардың нәтижелерін көрсетеді. Мәселе
анықталатын болса, реттеу жолы бар хабармен бірге ақаулық есепте беріледі. Кейбір негізгі сымсыз
конфигурациялау деректері есептің төменгі бөлігінде беріледі.
Вебке кіру сынағының есебі
Веб-қызметтерге әсер ететін интернет байланысының ақауларын анықтауға көмектесу үшін вебке кіру
туралы есепті басып шығарыңыз.
Веб-қызметтер арқылы ақауларды жою
HP ePrint және басып шығару бағдарламалары сияқты веб-қызметтерді қолдану кезінде ақаулықтар
туындаса, келесілерді тексеріңіз:
Принтердің интернетке сымсыз байланыс немесе Ethernet арқылы жалғанғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтер USB кабелі арқылы қосылған болмаса, осы веб-мүмкіндіктерді қолдана
алмайсыз.
Принтерде өнімнің соңғы жаңартулары орнатылғанын тексеріңіз.
Веб-қызметтердің принтерге қосылғандығын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Веб-
қызметтерді орнату бөлімін қараңыз.
Желі хабы, қосқышы немесе жол жоспарлағышы қосылғанын және олардың дұрыс жұмыс
істейтінін тексеріңіз.
Егер принтерді Ethernet кабелімен қосатын болсаңыз, принтерді желіге қосу үшін
принтерді телефон сымы немесе айқас кабель арқылы қосылмағанына және Ethernet кабелінің
принтерге қауіпсіз қосылғанын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Желі және байланыс
ақаулары бөлімін қараңыз.
Егер принтерді сымсыз байланыс көмегімен қосатын болсаңыз, сымсыз желінің сәйкесінше жұмыс
істейтінін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Желі және байланыс ақаулары бөлімін қараңыз.
HP ePrint құралды пайдаланып жатсаңыз, келесі әрекеттерді тексеріңіз:
Принтер'дің электрондық пошта мекенжайының дұрыстығын тексеріңіз.
Принтер'дің электрондық пошта мекенжайының электрондық пошта
хабарламасының «Кімге» жолында тізімделген жалғыз мекенжай екенін тексеріңіз. «Кімге»
жолында басқа электрондық мекенжайлар тізімделген болса, жіберілетін тіркемелердің
басып шығарылмауы мүмкін.
HP ePrint талаптарына сәйкес келетін құжаттардың жіберіп жатқандығын тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін HP Connected (бұл сайт барлық елдерде/аймақтарда
қолданылмауы мүмкін) бөлімін қараңыз.
Интернетке қосылғанда желі прокси параметрлерін қолданатын болса, енгізіліп жатқан прокси
параметрлерінің дұрыстығын тексеріңіз:
Қолданылатын веб-браузермен (мысалы, Internet Explorer, Firefox немесе Safari)
пайдаланылатын параметрлерді тексеріңіз.
Желіаралық қалқанды орнатқан АТ әкімшісімен немесе адаммен бірге тексеріңіз.
150 10-тарау Мәселені шешу KKWW