User's Guide

2. Жұмсақ әйнекті тазартқышпен дымқылданған жұмсақ, мамықсыз матаны қолдану арқылы
сканер әйнегін және қақпақтың артқы жағын тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ: Сканер әйнегін тазарту үшін тек қана әйнекті тазартқышты пайдаланыңыз. Сканер
әйнегіне зақым келтіруі мүмкін қырғыштары, ацетон, жанармай, көміртек тетрахлориді бар
тазартқыштарды қолданбаңыз. Сканер әйнегінде жолақтар қалдыруы мүмкін изопропил спиртін
қолданбаңыз.
ЕСКЕРТУ: Әйнек тазартқышты сканер әйнегіне тікелей шашпаңыз. Егер көп тазартқыш
қолданылса, тазартқыш сканер әйнегінің астына өтіп, сканерді зақымдауы мүмкін.
3. Сканер қақпағын жауып, принтерді қосыңыз.
Сыртқы бөлікті тазарту
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Принтерді тазаламас бұрын оны қуат түймесін басу арқылы өшіріп, электр
розеткасынан қуат сымын ажыратыңыз.
Шаңды, дақтарды және корпусындағы іздерді сүрту үшін жұмсақ, дымқыл, мамықсыз матаны
пайдаланыңыз. Принтердің ішкі бөлігінен, сондай-ақ, принтердің басқару тақтасынан сұйықтықты
алшақ ұстаңыз.
Құжатты беретін құралды тазарту
Құжатты беретін құрал бірнеше бетті алатын болса немесе қарапайым қағазды алмайтын болса,
шығыршықтар мен бөлгіш тіректі тазартыңыз.
Шығыршықтарды немесе бөлгіш тіректі тазарту
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Принтерді тазаламас бұрын, оны (Қуат түймесі) түймесін басып өшіріп, электр
розеткасынан қуат сымын ажыратыңыз.
1. Құжаттарды салатын науадан барлық түпнұсқаларды алып тастаңыз.
152 10-тарау Мәселені шешу KKWW