User's Guide

Кесте қосулы және өшірулі
Принтерді таңдалған күндерде автоматты түрде қосу немесе өшіру үшін осы мүмкіндікті
пайдаланыңыз. Мысалы, принтерді сағат таңғы 8-де қосу және кешкі сағат 8-де өшіру уақыт
аралығын дүйсенбіден жұмаға дейінгі аралықта жоспарлауға болады. Осылайша түнде және демалыс
күндері энергияны үнемдеуге болады.
Қосу және өшіру үшін күн мен уақытты жоспарлау үшін келесі нұсқауларды пайдаланыңыз:
1. Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп, төмен сүйреңіз, түймесін түртіңіз.
2. Принтерді қосу/өшіру уақытын жоспарлау түймесін басыңыз.
3. Солардың бірін ON (Қосулы) қалпына орнатқан соң уақыт параметрлерін алу үшін Schedule On/O
(Қосуды/Өшіруді жоспарлау) түймесін түртуге болады.
4. Қажетті опцияны түртіп, принтер қосылатын және өшірілетін күн мен уақытты орнату үшін
экрандағы хабарларға сүйеніңіз.
ЕСКЕРТУ: Әрқашан принтердің алдыңғы сол жағында орналасқан Өшіру кестесі немесе ( Қуат
түймесін) пайдалану арқылы принтерді дұрыс өшіріңіз.
Принтерді дұрыс өшірмесеңіз, басып шығаратын каретканың дұрыс орнына қайтарылмауы,
картридждеріндегі және басып шығару сапасындағы ақауларға әкелуі мүмкін.
Картридждері жоқ кезде принтерді қосуға болмайды. HP компаниясы басып шығару мәселелері мен
қалған картриджден сияны артық пайдалану немесе сияға зақым келу ықтималдығының алдын алу
мүмкін болған кезде қалған кардридждерді жылдам ауыстыруды ұсынады.
Тыныш режимі
Тыныш режимі жалпы шуды азайту мақсатында басып шығаруды жылдамдығын азайтады, бірақ
оның сапасына әсер етпейді. Бұл тек тегіс қағазда басып шығарған кезде жұмыс істейді. Оған қоса, ең
жақсы немесе презентацияны басып шығару сапасын қолданып басып шығарған кезде, Тыныш
режимі ажыратылады. Басып шығару шуын азайту үшін, Тыныш режимін қосыңыз. Қалыпты
жылдамдықпен басып шығару үшін, Тыныш режимін өшіріңіз. Тыныш режимі әдепкі бойынша өшірулі
болады.
ЕСКЕРТПЕ: Фотосуреттерді немесе хатқалталарды басып шығарсаңыз, Тыныш режимі жұмыс
істемейді.
Принтердің Тыныш режимде жұмыс істеу уақытын белгілеу арқылы кесте жасауға болады. Мысалы,
принтерді күнделікті 22.00-08.00 уақыты аралығында Тыныш режимде істейтіндей кесте жасауға
болады.
Принтердің басқару тақтасынан Тыныш режимді қосу немесе өшіру
1. Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп
, төмен сүйреңіз, ( Теңшеу ) түймесін түртіңіз.
2. Тыныш режим түймесін түртіңіз.
3. Оны қосу үшін, Quiet Mode (Тыныш режим) параметрінің жанындағы ажыратып-қосу түймесін
түртіңіз.
4 2-тарау Жұмысқа кіріскенде KKWW