User's Guide

Сканер әйнегіне түпнұсқаны салу
Сканер әйнегіне салу арқылы түпнұсқаларды көшіруге, сканерлеуге немесе факспен жіберуге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Көптеген арнайы мүмкіндіктер сканер әйнегі мен қақпақ беті таза болмаса дұрыс жұмыс
істемейді. Қосымша ақпарат алу үшін Принтерге күтім жасау бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтердегі қақпақты көтермес бұрын құжатты салу науасындағы барлық
түпнұсқаларды алып тастаңыз.
Сканер әйнегіне түпнұсқаны салу
1. Сканер қақпағын көтеріңіз.
2. Түпнұсқа басып шығару жағын төмен жүктеп, оны әйнектің артқы сол жақ бұрышындағы
белгімен туралаңыз.
КЕҢЕС: Түпнұсқаны салу туралы қосымша анықтама алу үшін, әйнектің шетіндегі ойылған
нұсқауларды қараңыз.
3. Қақпақты жабыңыз.
Құжатты беретін құралға түпнұсқаны салу
Құжатты беретін құралға құжатты салу арқылы оны көшіруге, сканерлеуге немесе факспен жіберуге
болады.
ЕСКЕРТУ: Құжатты беретін құралға фотосуреттерді салыңыз, бұл фотосуреттерді зақымдауы мүмкін.
Құжатты беретін құрал қолдайтын қағазды ғана пайдаланыңыз.
28 2-тарау Жұмысқа кіріскенде KKWW