User's Guide
ЕСКЕРТПЕ: Қағаз өлшемі параметрін өзгертсеңіз, кіріс науасына дұрыс қағаз салынғандығын
және принтердің бақылау тақтасында қағаз өлшемінің орнатылғанын тексеріңіз.
7. Properties (Сипаттар) диалогтық терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз.
8. Басып шығаруды бастау үшін Print (Басып шығару) немесе OK түймесін басыңыз.
Хатқалталарды басып шығару (OS X және macOS)
1. Бағдарламалық жасақтаманың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймеcін
таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
3. Размер бумаги (Қағаз өлшемі) қалқымалы мәзірінен сәйкес хатқалта өлшемін таңдаңыз.
Басып шығару диалогтық терезесінде опцияларды көрмесеңіз, Мәліметтерді көрсету түймесін
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қағаз өлшемін өзгертсеңіз, тиісті қағазды жүктегеніңізді тексеріңіз.
4. Қалқымалы мәзірден Қағаз түрі/Сапа параметрін таңдаңыз және қағаз түрі параметрінің
Қарапайым қағаз күйіне орнатылғанын тексеріңіз.
5. Басып шығару түймешігін басыңыз.
Фотосуреттерді басып шығару
Компьютеріңізден фотосуретті басып шығаруға болады.
Кірістірілетін науада қолданылмаған фотосурет қағаздарын қалдырмаңыз. Басып шығарудың
сапасының төмендеуіне әкелуі ықтимал қағаз бұратылып бастауы мүмкін. Фотосурет қағазы басып
шығарылмас бұрын тегіс болуы қажет.
КЕҢЕС: Осы принтерді мобильді құрылғыдағы (мысалы, смартфон немесе планшет) құжаттар мен
фотосуреттерді басып шығаруға пайдалана аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP мобильді басып
шығару веб-сайтына ( www.hp.com/go/mobileprinting ) кіріңіз. (Бұл уақытта осы веб-сайт барлық тілде
қол жетімді болмауы мүмкін).
Компьютеріңізден фотосуретті басып шығару (Windows)
1. Науаға қағазды салыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Қағазды салу бөлімін қараңыз.
2. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
3. Принтер таңдалғанын тексеріңіз.
4. Свойства (Сипаттар) диалогтық терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық жасақтама қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтердің сипаттары),
Принтер немесе Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.
5. Printing Shortcut (Басып шығару белгісі) қойындысында сәйкес параметрлерді таңдаңыз.
6. Басқа басып шығару параметрлерін өзгерткіңіз келсе, басқа қойындыларды басыңыз. Қосымша
басып шығару кеңестерін көру үшін Сәтті басып шығару туралы кеңестер бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қағаз өлшемі параметрін өзгертсеңіз, кіріс науасына дұрыс қағаз салынғандығын
және принтердің бақылау тақтасында қағаз өлшемінің орнатылғанын тексеріңіз.
KKWW Фотосуреттерді басып шығару 35