User's Guide
а. Бағдарламалық құралдың Файл (Файл) мәзірінен Печать (Басып шығару) түймешігін
басыңыз.
ә. Принтердің таңдалғанына көз жеткізіңіз.
б. Paper Size (Қағаз өлшемі) қалқымалы мәзірінде жасалған реттелетін қағаз өлшемі атауын
таңдаңыз.
в. Басқа да қалаған басып шығару параметрлерін таңдап, Печать (Басып шығару) түймешігін
басыңыз.
Екі жаққа басып шығару (екі жақты күйі)
Беттің екі жағында басып шығару (Windows)
1. Науаға қағазды салыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Қағазды салу бөлімін қараңыз.
2. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
3. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
4. Свойства (Сипаттар)тілқатысу терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтер сипаттары)
немесе Принтер немесе Предпочтения (Таңдаулылар) деп аталуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық басып шығару жұмыстарына арналған басып шығару параметрлерін орнату
үшін HP бағдарламалық құралына өзгерістер енгізіңіз. HP бағдарламалық құралы туралы
қосымша ақпаратты Принтердің басқару құралдары бөлімінен қараңыз.
5. Printing Shortcut (Басып шығару белгісі) қойындысын нұқып, Two-sided (Duplex) Printing (Екі
жақты (дуплексті) басып шығару) белгісін таңдаңыз.
6. Басқа басып шығару параметрлерін өзгерткіңіз келсе, басқа қойындыларды басыңыз. Қосымша
басып шығару кеңестерін көру үшін Сәтті басып шығару туралы кеңестер бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтер A4, Хат, Executive және JIS B5 қағаз өлшеміндегі автоматты екі жақты басып
шығаруды қолдайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қағаз өлшемін өзгертсеңіз, кіріс науасына дұрыс қағаз салынғандығын және
принтердің бақылау тақтасында қағаз өлшемінің орнатылғанын тексеріңіз.
7. Сипаттар диалогтық терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
8. Басып шығаруды бастау үшін Печать (Басып шығару) немесе OK түймешігін басыңыз.
(OS X және macOS) беттің екі жағында басып шығару
1. Бағдарламалық жасақтаманың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймешігін
таңдаңыз.
2. Басып шығару диалогінде ашылмалы мәзірдегі Расположение (Орналасу) қойындысын
таңдаңыз.
3. Екі жақты беттер үшін қажет байлау түрін таңдаңыз және Печать (Басып шығару) түймешігін
басыңыз.
KKWW Екі жаққа басып шығару (екі жақты күйі) 39